Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Деп жатыр 8170 47 пікір 28 Мамыр, 2021 сағат 18:12

Ресей саясаткері: «Семейді салған – Патша ағзам»

Ресейдің тағы бір саясаткері, Ресейдегі «Суть времени» дейтін қозғалысты құрушы һәм оның лидері Сергей Кургинян дейтін адам Қазақстанның территориясына сұқтана сөйлеп, «Семейді салған – Патша ағзам», деп мәлімдеме жасапты.

Қайда, қашан? 26 мамырда. Владимир Соловьев дейтін Кремльдің бас «бақылдауығының» бағдарламасында.

Әуелі: «Осы жерде мен ерекше құрметтейтін егемендік туралы сөз туады. Мен Беларусь пен Қазақстанның тәуелсіздігін шексіз құрметтеймін. Мен тек қана «Семей қаласын кім салды», деп сұрағым келеді. Шынайы жауап айта аласыздар ма? Семей қаласын кім салды? Оны Ұлы Петр патша ағзам салдырды. Оны өзінің жарлығымен салдырды. Ол: «Барыңдар, алтын іздеңдер және қала салыңдар», - деп бұйырды. Бұл туралы бүгінгі Семей мұражайларында бар ма? Бұл тарихи факті ғой», - деп ойын бір түйіндейді Кургинян.

Әрі қарай: «Сонан соң, Қытай «бауырлар» Қазақстанның және Орталық Азияның тәуелсіздігіне қалай қарайтын болады? Бауырлас дейтін Тәжікстанды қосқанда, бұл мемлекеттер ертең өз тәуелсіздіктерін қалай қорғамақ? Тәліптер АҚШ-пен есеп айырылысып болған соң қалай болмақ, қалай өз тәуелсіздіктерін қорғамақ?», - депті.

ТАҚЫРЫПҚА ТҰЗДЫҚ

Соңғы бір жыл ішінде ресейлік саясаткерлер тарапынан посткеңестік елдерге қатысты түрлі арандатушылық сөздер айтылуы жиілеп кетті. Оның ішінде аумақтық тұтастыққа күмән келтіру мен «сыйға тартылған жер» жайында көп айтылуда. Әсіресе Қазақстанға қарата айтқан арандатушылық сипаттағы үндеулердің қатары артты.  Бұл экономикалық одақта, әскери ұйымда бірге келе жатқан, өзара достық келісіміне қол қойған Қазақстан мен Ресейдің арасын алыстатпаса, жақындатпасы анық.

Ресейлік шенділердің территориялық «дау іздеген» мәлімдемелерінің бірсыпырасы, мінекей:

Путин, Никонов, Федоров, Мединский: Ресейдің көздегені не?

Путиннің тағы бір «депутаты» қазақ жеріне шүйлікті

Енді Путиннің көмекшісі қазақ жеріне шүйлікті

«Қазақстан үшін талас жүріп жатыр»

Ресей депутаты: Қазақстанды бізден ажыратып алмақ

Молотовтың немересі «соғыс» тілеп отыр ма?..

Abai.kz

47 пікір