Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3642 0 пікір 2 Мамыр, 2012 сағат 11:35

Аралас неке бірлігімізге ықпал ете ме?!

Кезінде қазақ зиялылары өмірде өз орындарын ойып тұрып алу үшін орыс, еврей немесе татар қыздарын келін етіп алған еді... Бүгінде керісінше қазақтың әлеуеті мен саяси салмағы артқандықтан ба, қазақтан келін алып жатқандардың қатары көбейіп келеді...

Ел арасындағы дипломатиялық қа­тынасты нығайту мақсатында ежелден бері қолданылып келе жатқан бұл үрдіс қазақ жерінде сонау үш жүздің басын қосқан Абылай ханның заманынан бермен қарай келе жатқаны, яғни, қазақ жері мен елін жау қолынан аман сақтап қалу үшін Абылай ханның өзі бастап Қытай мен Жоңғардың қыздарын қалыңмалын төлеп әйел еткені тарихтан аян. Содан бері өзге ұлтпен құда болып қыз алып, қыз берісу, сөйтіп, қан араластырып, құйрық-бауыр жеу дәстүрге айналып кеткен еді.

Қазір, өзге ел азаматының етегінен ұстаған қыздарымыздың саны күн санап артып келеді. Жалпы статистикаға жүгінсек, орта есеппен елімізде бір жылда 100 мың неке тіркелсе, соның 20 пайызы өзге елдің азаматтарымен болатын көрінеді.

Самал ӘБІЛДИНА, Ақмола облысы Әділет департаментінің АХАЖ бөлімінің бас маманы:

Кезінде қазақ зиялылары өмірде өз орындарын ойып тұрып алу үшін орыс, еврей немесе татар қыздарын келін етіп алған еді... Бүгінде керісінше қазақтың әлеуеті мен саяси салмағы артқандықтан ба, қазақтан келін алып жатқандардың қатары көбейіп келеді...

Ел арасындағы дипломатиялық қа­тынасты нығайту мақсатында ежелден бері қолданылып келе жатқан бұл үрдіс қазақ жерінде сонау үш жүздің басын қосқан Абылай ханның заманынан бермен қарай келе жатқаны, яғни, қазақ жері мен елін жау қолынан аман сақтап қалу үшін Абылай ханның өзі бастап Қытай мен Жоңғардың қыздарын қалыңмалын төлеп әйел еткені тарихтан аян. Содан бері өзге ұлтпен құда болып қыз алып, қыз берісу, сөйтіп, қан араластырып, құйрық-бауыр жеу дәстүрге айналып кеткен еді.

Қазір, өзге ел азаматының етегінен ұстаған қыздарымыздың саны күн санап артып келеді. Жалпы статистикаға жүгінсек, орта есеппен елімізде бір жылда 100 мың неке тіркелсе, соның 20 пайызы өзге елдің азаматтарымен болатын көрінеді.

Самал ӘБІЛДИНА, Ақмола облысы Әділет департаментінің АХАЖ бөлімінің бас маманы:

- Еліміз өз тәуелсіздігін алғалы бері қазақ қыздары арасында өзге ұлт өкіл­деріне тұрмысқа шығушылар қатары артып келеді. Әсіресе, біздегі мәліметке назар аударсаңыз, қазақ қыздары көршілес Ре­сей, өзбек, қырғыз және түрік азаматтарына тұрмысқа шығуға қарсы еместігін көресіз. Тіпті, соңғы кезде Израиль, Германия мен Пәкістан азаматтарына да шыққан қазақ қыздарының саны күрт өскен.

Әділет департаменті берген мәлімет­терге қарағанда, елімізде жиендердің де саны жылдан-жылға жедел қарқынмен өсіп келеді. Ақмола облысының өзінде ғана 2011 жылдың қорытындысы бойын­ша, бір жылда 6273 неке қиылса, соның 227-сінде қазақтар өзге диаспора өкіл­дерімен некелескен.

Нартай ЫСҚАҚОВ, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты:

- Ұлт пен ұлыстың өзара қарым-қаты­насында тонның ішкі бауындай болып ара­ласу мемлекеттің де іргесін мықты етіп, береке мен бірліктің шырағын жағады. Біздің еліміздегі ұлттардың тарихи тағдыр­лары астасып жатқандықтан бір-бірін өзара бауыр тартады. Өйткені біздің елді қиын-қыстау кезеңде паналап, сая тапқан әрбір ұлт қазаққа қарыздар.

Сонымен, бірқатар елге тұтқа болар азаматтардың пікірі осындай ойға саяды. Яғни, бүгінде татулықтың тұрағы, бейбіт­шіліктің мекені болып әлем елдеріне үлгі болған - қазақ елінің гүлдене түсуіне түрлі ұлттар арасындағы неке еш қандай кедергі бола алмайды.

Алайда саясаттың шоқпарын беліне қыстырып жүргендер аралас некенің саяси астары қазақ үшін екі ұшты болады деген пікірде.

Әсіресе, қытайдың, өзбек пен қыр­ғыздың қазақ қыз­дарына құмарлығы­ның артып келе жат­қанына олар алаңдай қа­райды.

Қайрат АБАЙДОЛЛАЕВ, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты:

- Аралас неке елімізге үлкен қатер төндіруі ықтимал. Өйткені халқы жылдан-жылға кемерінен асып, жеріне сыймай жатқан Қытайдың Орталық Азия елдеріне қазірдің өзінде осы әдіспен еркін еніп келе жатқаны байқалып келеді. Сондықтан іргеміздің бүтіндігін, тәуелсіздігіміздің баян­дылығын ойласақ, аралас некеге аса сақтықпен қарауымыз керек.

Үлкен саясатты сарапқа салып жүрген бірқатар саясаттанушылар алдағы бес жыл­да қазақ жеріне 5 миллионға тарта Қытайдың енуі мүмкін екенін айтуда.

Кезінде Асет Вацуева есімді чешен қызы ресейлік «НТВ» телеарнасының бетке ұстар журналистерінің бірі болған. Асет жүр­гізетін «Страна и мир», «Сегодня» сынды бағдарламалардың рейтингі ша­рық­­тап, шешен қызы тележұлдызға айнал­ды. Сол Асеттің бір сұхбатында: «Махаббат деген таңғажайып сезімді бастан өт­кергім келеді. Бірақ басқа ұлттың өкілін сүю арқылы өзін туған халқынан, ұл­тынан, отбасынан, дәстүрінен ажыратқан адамның алды - түнек. Ол қараңғылыққа батырады. Шынымды айтсам, мен мұн­дай некелерді құптамаймын да, мойын­дамай­мын да», - дегені бар.

Яғни шешен қызы ұлттың қаны бұзыл­мас үшін аралас некеге қарсы екенін ашық айтқан.

Дегенмен басқа ұлт өкілдерімен шаңы­рақ құрғандар ата-ананың қарсылығына қарамай отбасын құрса да, бақытты отбасы болып тірлік кешіп жатқандар да бар­шылық. Мәселен, көкшетаулық қазақ Сә­бит Жантаев пен кәріс қызы Елена Лю осыдан жеті жыл бұрын некелерін қиған.

Сәбит ЖАНТАЕВ, тағдырын өзге ұлтпен байланыстырған:

- Менің ойымша, махаббат бар жерде ешқандай да кедергі болуы тиіс емес. Пәк те адал сезім барлық әлемдегі күштерден артық деп есептеймін. Мейлі, ол қай ұлттың өкілі болсын, сүйіспеншілік болса, бәрі де жақсы болады. Ал аралас неке мем­лекеттің мүддесіне қайшы келеді деген пікірмен мүлде келіспеймін.

Ең бастысы, елдегі тыныштық пен бе­реке-бірліктің ортаймауы қажеттігін басты бағыт ұстанған соң, бұған да хош дейік. Бірақ қазақты өзге ұлтпен ұйыс­тырған мұндай «құдалық» қауіпсіздігімізге игі ықпалын тигізгенімен, ұлттың бола­шағына кері әсер етіп жүрмей ме деген беймаза ой да мазалайды.

Себебі, жыл сайын жүздеген ұлт тарих сахнасынан тұтас ұлт ретінде мәңгілік жойы­лып кету қаупімен бетпе-бет келіп отыр. Сонда әлем бойынша 15 миллионға жетер-жетпес қазаққа не істемек керек. Қазаққа ең алдымен ірілік қажет. Әр қазақ өзгеге емес, өзгені сіңіріп алу әдісімен өмір сүруді игеруі керек.

Саяси сахна осылай деп үн қатса да, бүгінгі жағдайда жүзден астам ұлтты бір шаңырақ астында біріктіріп, татулықтың әлемдегі айшықты ұясы болып отырған қазақ елі еркіндік пен азаттықтың, бірлік пен берекенің үлгісін танытып келеді. Кезінде тәуелсіздік алған қазақ ел бола алмайды, ертең-ақ жүз-жүзге бөлініп, тоз-тоз шығып ыдырап кетеді дегендердің кө­мейіне құм құйылды. Тәуелсіздік алған жиырма жыл ішінде қазақтың жеткен қа­рымды жетістіктерін әлем мойындап, азуы алты қарыс алып елдердің өзі санасатын деңгейге жетті.

Қазақстан көп ұлтты және көп дінді мемлекет болғандықтан арадағы ынтымақ пен бірлікті сақтау - басты мәселе. Осыған орай 2011 жылдан бастап Елбасы Нұрсұл­тан Назарбаев: «1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне» аса мән беру қажеттігін, мейрамды тойлауда тұрақтылық пен тұтастықты мызғымастай етуге болатын үлкен күш тұрғандығын баса атап өткен еді.

Әрине, «Былай тартсаң өгіз өліп, олай тартса арба сынатын» заманда таразы басын тең ұстап, жұртымыз бен мемлекеттің тыныштығы мен тұрақтылығын сақтау ел тізгінін ұстаған азаматтардан үлкен жауапкершілік күтетіні ақиқат. Сондықтан, еліміздің басты қазынасы, һәм ұлы мұрасы - тәуелсіздіктің тамырын нұрландырып, бай­тақ мекен Отанымызды ұрпаққа таза сақтап қалсақ деген ойымыз бар.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Көкшетау

«Алаш айнасы» газеті

0 пікір