Сенбі, 4 Мамыр 2024
Ең ықпалды 50 адам 5473 9 пікір 19 Мамыр, 2021 сағат 13:20

Кімдер бай? Кимдер бай!

Күні кеше Forbes Kazakhstan ең дәулетті 50 байдың жаңа тізімін жариялады. 2020 жылы Қазақстандық миллиардерлердің саны төртеу болса, биыл оларға тағы үш адам қосылған.

Миллиардерлер қатарына кірген жаңа үштік: Kaspi компаниясының қожайындары Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе және Freedom Finance-тың құрушысы және негізгі акционері Тимур Турлов.

Сонымен 2021 жылдағы Қазақстанның ең дәулетті 50 кәсіпкері мыналар:

1.Владимир Ким - 60 жаста. «Kazakhmys Corporation» ЖШС қожайыны. Кіріс көзі - метал және қаржы. Байлығы - 4,7 млрд. долларды құрайды.

2.Вячеслав Ким - 51 жаста. Kaspi Bank пен «Астана-ERC» ЖШС-да үлесі бар. Сондай-ақ, «Alseco» АҚ-тың 90%-ның иесі және бақылау кеңесінің мүшесі. Байлығы - 4,2 млрд. доллар

3. Михаил Ломтадзе - 45 жаста. Kaspi.kz АҚ басқарма төрағасы, топтың жай акцияларының 23% иеленеді. Байлығы - 3,9 млрд. доллар.

4. Болат Өтемұратов - 63 жаста. Кіріс көзі - әртараптандырылған бизнес. Informburo.kz ақпараттық-аналитикалық интернет-порталы, 31 арна акцияларының 80 пайызына иелік етеді. Сондай-ақ, ол 100% қазақстандық БАҚ менеджмент жүйелері ЖШС мен «Direct Technology Company»ЖШС-нің тікелей иесі. Байлығы - 3,5 млрд. доллар.

5. Тимур Құлыбаев - 54 жаста. Кіріс көзі - әртараптандырылған бизнес. Құлыбаев «Кипрос» ЖШС-нің қожайыны. Сол арқылы Viled Group, Emdeu Group, PetroRetail ЖШС (бұрынғы ҚМГ жанармай құю станциялары желісі) акцияларына ие және «Joint Technologies» ЖШС-ны басқарады. Сондай-ақ, ол ҚТЖ-ға қызмет көрсететін «Қамқор Менеджмент» компаниялар тобының үлесі де Құлыбаевқа тиесілі.

6. Динара Құлыбаева - 53 жаста. Кіріс көзі - әртараптандырылған бизнес. Ол Нұрсұлтан Назарбаев атындағы білім беру қорының құрылтайшысы. Оның құрамына: «Астана IT Университеті» ЖШС (2019 жылы Expo нысандары негізінде ашылған), «Инновация және ақпараттық технологиялар орталығы» ЖШС және «Жеке клиника Алматы» ЖШС кіреді. Құлыбаеваның байлығы - 2,9 млрд. доллар.

7.Тимур Турлов - 33 жаста. Кіріс көзі - қаржы саласы. Freedom Finance инвестициялар тобын құрушы және негізгі иесі. Байлығы - 2 млрд. доллар.

8. Ибрагимовтар отбасы - 2021 жылы ақпанда қайтыс болған Алиджан Ибрагимов жанұясы. Қазақстан заңдары бойынша оның мұрагерлері әйелі Мұқадасхан Ибрагимова және төрт ұлы: 39 жастағы Достан, 38 жастағы Даврон, 35 жастағы Шухрат және 34 жастағы Фурхат. Қазақстанда ағайынды Ибрагимовтардың әрқайсысының жеке бизнесі бар, сонымен қатар өздерінің бірлескен кәсіпорындары бар: СТК Сокол автодромы және Laggar Group сауда компаниясы. Достан Ибрагимов бүкіл әлем бойынша баламалы энергетикалық жобаларды жүзеге асыратын Ұлыбританияда тіркелген Iceberg Power Partners Ltd компаниясында үлеске ие. Олардың байлығы - 980 млн. доллар.

9. Кеңес Рақышев - 41 жаста. Кіріс көзі - әртараптандырылған бизнес. Ол «Fincraft Resources» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Атамекен»  Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығының төрағасы. Байлығы - 950 млн. доллар.

10. Сәрсеновтар отбасы. Кіріс көзі - әртараптандырылған бизнес. 72 жастағы Рашит Сәрсенов «Нұрбанк» АҚ-ның 88% акциясына ие. Сондай-ақ, ол «Виктория» СК Директорлар кеңесінің төрағасы. Байлығы - 810 млн. доллар.

11. Нұрлан Смағұлов - $710 000 000

12. Беловичтер отбасы - $646 000 000

13. Айдын Рахимбаев - $610 000 000

14. Қайрат Боранбаев - $590 000 000

15. Клебановтар отбасы - $530 000 000

16. Данияр Абулгазин - $455 000 000

17. Қайрат Итемгенов - $430 000 000

8. Эдуард Огай - $416 000 000

18. Олег Новачук - $416 000 000

20. Дінмұхамет Ыдырысов - $415 000 000

21. Ғалимжан Есенов - $412 000 000

22. Еркин Татишев - $331 000 000

23. Сейітжановтар отбасы - $330 000 000

24. Владимир Жұманбаев - $313 500 000

25. Сергей Кан - $285 000 000

26. Бақытбек Байсейітов - $270 000 000

27. Владислав Ким - $240 000 000

28. Бауыржан Исабаев - $222 000 000

29. Айдан Карибжанов - $214 000 000

30. Эдуард Ким - $209 000 000

31. Нурали Алиев - $195 000 000

32. Марат Сәрсенов - $193 000 000

33. Мұқашевтар отбасы - $189 000 000

34. Алмас Сұлтанғазин - $185 000 000

35. Қайрат Мәжібаев - $170 000 000

36. Асхат Омаров - $166 000 000

37. Қанат Көпбаев - $165 000 000

37. Дәулет Нұржанов - $165 000 000

39. Яков Цхай - $164 000 000

40. Александр Гербер - $156 000 000

41. Сейсембаевтар отбасы - $128 000 000

42. Ерлік Балфанбаев - $125 000 000

43. Сайдулла Қожабаев - $120 000 000

44. Бахриддин Аблазимов - $115 000 000

45. Серік Тульбасов - $112 000 000

46. Қаппаровтар отбасы - $90 000 000

47. Қаныбековтер отбасы - $85 000 000

47. Алмас Мыңбаев - $85 000 000

49. Берік Қаниев - $80 000 000

49. Юрий Пак - $80 000 000

Дайындаған Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1203
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1095
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 834
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 968