Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3450 0 пікір 30 Сәуір, 2012 сағат 07:59

Бауыржан Шамбулов. Сыныққа сылтау

Батыс Қазақстан облысының тәуелсіз БАҚ басшылығы тағы да әкімшілік қудағалауға ұшырады.

Судья Б.Е.Баймұханованың төрағалығымен өткен Орал қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен «Жұмадағы жүздесу» газетінің бас редакторы Қажымұқан Ғинуарұлы ҒАБДОЛЛА шығыс мәліметтерін жариялау тәртібін бұзғаны үшін ҚР ӘҚтК 350-бабының 1-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оны айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тарту себебі газеттің соңғы нөмірлерінің бірінде меншік иесі туралы мәліметтің болмауы еді. Яғни, белгісіз себептермен газеттің бір нөмірінен бір сөз түсіп қалған. Осыдан аз уақыт бұрын «Уральская неделя» газетінің басшылығына қатысты болған жайт дәлме-дәл қайталанып, осы факті бойынша шұғыл түрде әкімшілік материал рәсімделді.
Орын алған жағдаяттың құқық бұзудың жалпы және жіктемелі нысандары мен іс-әрекеттің объективті жағы тұрғысындағы құқықтық қырын сараптамай-ақ қояйық, себебі бұл тұрғыдан алғанда іс-әрекет бұл жағдайда бас редактордың заң талаптарын бұзу арқылы жүзеге асырған заңға қайшы әрекеттерінен немесе тиісті әрекет жасамауынан көрінуі тиіс еді.
Әкімшілік заңнаманың негізгі қағидаларына жүгінейік.

ҚР ӘҚтК 68-бабына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық салдарынан келтірілген зиян мөлшері шағын болған жағдайда, сот әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаға ауызша ескерту айтумен шектеліп, оны әкімшілік жауапкершіліктен босата алады. Бұл жердегі әкімшілік құқық бұзушылық мөлшерінің шағындығы дегеніміз - бұл өзге жағдайлармен қатар әкімшілік кодекстің ерекше бөлімінің бабымен көзделген санкцияның әкімшілік құқық бұзушылықтан келтірілген зиян мөлшерінен артық болу жағдайын ескеру.
Осылайша, газеттің тек бір нөміріндегі оның меншік иесі туралы мәліметтің жоқтығы мемлекетке қандай да бір зиян келтіруге себепкер болмағанымен қатар ешқандай қоғамдық қауіп тудырмайды.
Онда «Жұмадағы жүздесу» газетінің бас редакторы неге әкімшілік жауапкершіліктен босатылмады және қазіргі қылмыс пен сыбайлас жемқорлықтың өркен жаюы жағдайында құқық қорғау жүйесінің күш қолдану қызметінің тәуелсіз газеттерге бағытталуының себебі неде?
Оның үстіне, әр әрекет пен оқиғаның құқықтық қырымен қатар моральдік-адамгершілік жағы да бар. Бұл тұрғыдан алғанда, шығармашылық саласындағы адамның қатесі үшін өз жұмысында «жақсы» баға алған мемлекеттік органдар позициясынан гөрі, құқық бұзушылықтың формалды екендігіне нұсқап, әкімшілік жауапкершіліктен босатуды сұрамай, өзі басқарып отырған газеттегі қателік үшін жауапкершілікті өз мойнына қаймықпай алған бас редактор Қажымұқан ҒАБДОЛЛАның позициясы құрмет сезімін көбірек туғызады.
Әріптестерімнің пікірінше, қазіргі кездегі құқық қорғау жүйесінің өз күшін тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарына бағыттауы олардың Жаңаөзен оқиғалары мен соларға қатысты сот үдерісін жариялауына байланысты болып отыр. Бұдан шығатын түйін - біздің өміріміздегі қоғамдық маңызы бар оқиғаларды объективті жариялау әлі де тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының шығармашылық ұжымдарынан азаматтық беріктік пен шыдамдылықты талап етеді.

Бауыржан Шамбулов,
Заңгер
Орал қаласы
«Абай-ақпарт»

0 пікір