Сенбі, 27 Сәуір 2024
46 - сөз 3803 8 пікір 13 Мамыр, 2021 сағат 14:45

Құтты болсын, Жер сатылмайды!

Адамзат баласын тіршілік атаулыны құрметтеуге, ізгі ниетке, сыйластық пен жоғары мәдениетке, рухани гармонияда өмір сүруге бастайтын ораза айы аяқталып, айт мерекесіне де жеттік.

Дәл осындай қасиетті мереке күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев мырза жерді шетелдіктерге сатпайтын, жалға да бермейтін заң жобасына қол қойды. Қоғам талабын ескеріп, халық үніне құлақ асып мемлекет басшысы тиісті заң жобасын тікелей өз бастамасымен іске асырды. Парламентте қаралды. Бүгін міне президент тарапынан қол қойылды.

Заң жобасының мақсаты - шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың, шетелдік қатысуы бар Қазақстанның заңды тұлғаларының, халықаралық ұйымдардың, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтардың, сондай-ақ қандастардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншік құқығымен және уақытша жер пайдалану құқығымен иеленуіне тыйым салуды енгізуді қарастырады.

Құтты болсын ағайын!

Бауыржан Серікбаев

Abai.kz

8 пікір