Дүйсенбі, 13 Шілде 2020
«13 шілде – Ұлттық аза тұту күні»
Жаңалықтар 1676 0 пікір 26 Сәуір, 2012 сағат 08:26

Түркияда Түркі әлемінің І Мәдениет және өнер фестивалі өтті

Түркияда Түркі әлемінің І Мәдениет және өнер фестивалі өтті.

Оны Анкара қаласының жетекші оқу орындарының бірі саналатын «Чанкая» жекеменшік университеті ұйымдастырды.

Фестиваль аясында Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі қазақ-түрік қатынастарының 20 жылдығына арнап «Қазақстан күнін» ұйымдастырды. Оның барысында келушілер назарына қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарынан көріністер беретін жәдігерлер, ұлттық киімдер, еліміз туралы баяндайтын баспа өнімдері және тағы басқалары қойылды.

Фестиваль барысында Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің шығармашылық ұжымы концерттік бағдарламасын ұсынды.  Ұжым қазақтың халық билері мен әндерін, соның ішінде Ш.Қалдаяқовтың әндерін орындады. Келушілерге Қазақстан туралы түрік тілінде жарыққа шыққан  «Bir yaşam deneyimi» кітапшасы сыйға тартылды.

Еліміздің 20 жыл ішіндегі жетістіктері бейнеленген Қазақстан туралы фотокөрмеге қойылған экспонаттар Анкара тұрғындарының  қызығушылығын тудырды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

0 пікір