Сенбі, 27 Сәуір 2024
2715 4 пікір 11 Мамыр, 2021 сағат 11:13

Еуропаның 9 елі Ресейді айыптады

Шығыс Еуропа елдерінің дәстүрлі бас қосуында Ресейге қатысты айыптаулар айтылды. Саммитке қатысушы мемлекеттер Ресейдің сыртқы саясаттағы агрессиялық қадамдарын қатаң сынады. 

«Ресейдің агрессиялық саясаты мен оның НАТО елдеріне төндіретін қаупі, Украина шекарасына әскерін топтастыруы мен жақын аралықта болған Қара Теңіздегі арандатуы еуропалық елдер үшін қауіпті", — деп саммитке қатысушы елдер бір ауыздан арнайы баяндама жасады.  Арнайы құжат қабылдады. Онда Ресейдің Чехияға қатысты әрекеті де сыналған.

Саммитке қатысушы Венгрия, Болгария, Словакия, Чехия, Эстония, Латвия, Литва, Польша, Румыния елдерінің өкілдері құжатты қолдап, қол қойды. Шығыс Еуропа елдері 2014 жылы Ресейдің Украинаның бір бөлігін тартып алғаннан кейін, жыл сайын саммит өткізіп келеді.

Abai.kz

4 пікір