Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 5413 8 пікір 7 Мамыр, 2021 сағат 11:28

ЛРТ - жемқорлықтың деңгейі

Тәшкенттегі ЛРТ құны - 422 млн $.

35 станция, 55 км.

Сонда 1 км - 7,67 млн $ түскен.

Ұлыбританияның Нотингем қаласындағы ЛРТ құны - 337 млн $.

23 станция, 14 шақырым.

1 км - 24 млн $

АҚШ, Шарлотта қаласындағы ЛРТ - 462,7 млн $.

15,4 км .

1 км құны бюджетке 30 млн $_ға түскен.

Оңтүстік Корея, Уиджонбгу қаласындағы ЛРТ құны - 469 млн $.

11,1 км. 15 станция.

1 км құны - 42 млн $

Ал енді Қазақстан, Нұрсұлтан ЛРТ-сының құны - 1,9 млрд $!

22,5 км, 18 станция.

Кейін жоба құны 1,5 млрдқа түсіп, 11 станция салынады деп белгіленді.1 км біздің бюджетке 84,4 млн $ -ға түседі екен!!!

Біздегі жемқорлықтың деңгейін ЛРТ арқылы салыстыра беріңіздер. Өткенде құрылыстың бағасын тағы түсірді деп жатқан. Не важно...

 

Дина Елгезектің жазбасы

 

Abai.kz

 

8 пікір