Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2901 0 пікір 25 Сәуір, 2012 сағат 09:18

Мәжіліс заңсыз кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимылды қамтитын заң жобасын мақұлдады

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Құжатты екінші оқылымға әзірлеу барысында депутаттар бірқатар түзетулер енгізді. Атап айтқанда, шағын, орта және ірі бизнес субъектілерінің санаттарына жататын заңды тұлғаларға арналған айыппұл санкцияларының мөлшері қайта қаралды. Құқық қолдану практикасында адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру жөніндегі құқықтық олқылықтар жойылды. Бұдан бөлек, депутаттар қолма-қол валютаны Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы әкелу-әкету кезінде қаржы мониторингіне жататын соманы азайту жөніндегі норманы алып тастады.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.

0 пікір