Сенбі, 11 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2699 0 пікір 4 Шілде, 2009 сағат 12:27

Төлен ТІЛЕУБАЙ. Ойнап қайта ма, ойлап қайта ма?

Осы аптаның басында қос палаталы Парламенттің 4-шақырылымдағы екінші сессиясы жұмысын аяқтады. Бірлескен басқосуда халық қалаулылары өздерінің бір жылдық жұмысын қорытындылады. Жылдағы дәстүр бойынша жеткен жетістік пен кеткен кемшіліктер таразыға салынды.

Мінберден сөйлеген Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов осы сессияда депутаттардың заң қабылдаудан бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткішке жеткенін мәлімдеді. Былайша айтқанда, ала таңнан қара кешке дейін қағазға шұқшиып, көз майларын тауысқан депутаттар 127 (!) заң жобасын (бұл бұрынғылармен салыстырғанда 1,5 есе көп) қабылдап, Президенттің қол қоюына жіберіпті. Ал Елбасы олардың 97-сіне қол қойып, қолданысқа енгізген. Жалпы алғанда, бұл сессия көп заң қабылдануымен және біраз қалаулылардың қызметінен кетуімен есте қалғаны рас.
Мәжіліс төрағасының айтуынша, заң шығарушы орган дағдарысқа қарсы іс-шараларды ширату үшін 20-дан астам заң қабылдапты. Солардың арасында жаңарған Бюджет және Салық кодекстері, еліміздің тарихында тұңғыш рет қабылданған «Үшжылдық бюджет туралы» Заң бар. Сондай-ақ Парламент еліміздің саяси сахнадағы беделін арттыруға ықпал ететін 46 халықаралық конвенция, хаттама, келісімшарттарды ратификациялаған. Олардың ішінде азаматтық  және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің хаттамасы, БҰҰ-ның ауа райының өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына қатысты Киото хаттамасы бар.

Айтпақшы, дағдарыс заманында қазынаның қаржысын үнемдеуге келгенде, Парламент өзгелерге үлгі көрсетіпті. Үлгі емей немене, әкімшілік шығындардан бас тартқан заң шығаратын «үлкен үйдің» биылғы бюджеті 1 млрд 683 млн-ға (!) қысқартылған. Мұнымен қоса, бұрынғыдай оңды-солды бюджет қаржысын шашудан тартынған қалаулылар бір жылда 847 млн теңге үнемдеген көрінеді.
Осы сессиядағы парламентшілердің қатты ұялған жері - мемлекет басшысы «Діни бірлестіктердің қызметі туралы» Заңға вето қойды. Сондай-ақ «Сайлау туралы», «БАҚ туралы» және «Ақпараттық-коммуникациялық желілер туралы» Заңдар да халықтың көңілінен шықпағаны рас. Мінберде тұрып, жарты сағат баяндама жасаған Мәжіліс спикері үкіметтен келетін заң жобаларының шикі екенін айтып, қатты сынға алды. «Бір ем қонбай келе жатқан «дерт» - заң жобаларын әзірлеу кезінде мекемелер арасында тиісті үйлестірудің жоқтығы, тіпті жобалар Мәжіліске келіп түскеннен кейін де мемлекеттік органдар өзара келісе алмай жататын кездер болды. Депутаттар заң жобасымен жұмыс істеумен қатар, мемлекеттік органдарды мәмілеге шақырумен де айналысуға мәжбүр болды», - деді О. Мұхамеджанов. Оның айтуынша, осындай шикі жобалардың мазмұнын 50-60 пайызға дейін қайта өңдеуге тура келеді екен. Мысалы, депутаттар «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы», «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын қайта жазып шығыпты.
Орал Мұхамеджанов Үкіметтен келетін жобалардың мемлекеттік тілдегі мәтінінің сапасы да «ұятты» екенін, оның орысша мәтінмен сәйкессіздіктері жиі кездесетінін айтып, қатты қынжылды. Ол - ол ма, Үкіметтің осыдан екі-үш жыл бұрын дайындаған заң жобалары Парламенттің суырмасында сарғайып жата беретін көрінеді. Мысалы, заң-зәкүнді жылдам жасағыш Үкімет «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» заң жобасын 3,5 жылдан (!) кейін, «Ғарыш қызметі туралы» заң жобасын екі жыл өткен соң кері қайтарып алуға мәжбүр болыпты. Және мұндай мысалдар өте көп көрінеді.

Қалай десек те, өткен сессия жанжал шығарып, қызметінен кеткен мәжілісшілермен де отандық парламентаризмнің тарихында қалатыны сөзсіз. Әуел баста үйсіз үлескерлердің қаһарынан қорыққан Виктор Цой мен Ерқанат Тайжановтар, кейіннен әуе компаниясымен «ұстасып» қалған Серікжан Мұқашев өз еріктерімен депутаттық мандаттарын тапсыруға мәжбүр болды. Олардың босаған орынтақтарына екі экс-министр мен бір әнші келіп жайғасты. Орал Мұхамеджановтың айтуынша, мұндай жанжалдар бұрынғы Парламентте де болған. «Жаңа тарихымызды парақтап көру керек. Қазіргісі тек сәл көбірек», - дейді ол. Ал мәжілісші Сәт Тоқпақбаев жеке тұлғаның мәселесін көтеріп, басын дауға шатқан ісімен есте қалды. Ол Алматыдағы сауда орталығы «Тигрохауд» фирмасының шашбауын көтеріп, биік мінберден әлгі базардың басшысын шыр-пыр болып қорғағаны  үшін әріптестерінің де әзіліне қалды. Бұдан кейін «ҰҚК телефонымды тыңдап жүр» деп айналасындағы жұртты тағы бір дүрліктіргені  бар. Мұның қасында мерекелік даталарға, Астананың атын өзгертуге қатысты озық ойлары қалтарыста қалып қойды. Айтпақшы, жақында ҰҚК-ның тергеу изоляторында отырған «Тигрохауд» ЖШС-нің бас директоры бостандыққа шығудың қамына кірісіп, мүлкін кепілдікке қойды. Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен қамалған адам, Қылмыстық процессуалдық кодекстің 148-бабының 1-тармағы бойынша кепілдікпен бостандыққа шығуы заңға қайшы әрекет. Өкінішке қарай, халықтың дауысын алып, «халық қалаулысы» атанып жүріп-ақ, ат төбеліндей аздың сойылын соғып, сөзін сөйлейтін үлгіні де Қазақстан Парламентінен көбірек көруге болады.
Сөйтіп, кезекті сессия да жабылып, еліміздің әнұраны ойнады. Кейбір нұротандық қалаулылар оның сөзін білмесе де, ауыздарын жыбырлатып тұрды. Осылайша, Парламенттің  «ләппайшыл» депутаттары жазғы демалысқа асығып бара жатты. Алдағы бір айда олар аймақтарға аттанып, халықпен жүздеседі.

«Жас қазақ» газеті, №26 (03.06.2009)

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1937
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2134
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1771
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1533