Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
1627 0 пікір 27 Сәуір, 2021 сағат 11:07

Кәсіподақтар федерациясы еңбек сотын құру туралы бастама көтерді

Бүгін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысының алдында тілшілер сұрағына жауап бере отырып, сот жүйесінде еңбек сотын құру туралы бастама көтергенін мәлімдеді.

 Федерация төрағасының айтуынша, қазіргі таңда кәсіподақтар федерациясына өткен жылы 14 мыңнан астам осындай өтінімдер келіп түскен.

- Жұмыскерлердің құқығын қорғайтын бірден бір ұйым Кәсіпоақтар федерациясы. Қазір федерация құрамында екі миллионға жуық адам бар. Сондықтан да бұл мәселе біздің негізгі бағыттарымыздың бірі және бұл өте маңызды. 2020 жылдың аясында 14 мыңнан астам адам осындай өтінішпен хат жазған. Біз азаматтардың құқығын қорғауға талпынсақ, бізге келіп жатқан өтініштер мен хаттамалар осыны қамтиды. Бұл негізінен жалақының уақытылы төленбеуі, еңбек құқығын қорғау, жұмыстан заңсыз босатылу секілді мәселелерді қарастырудамыз,- деді ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин.

Дәулеталин мырзаның сөзінше, келіп түскен 14 мыңнан астам өтініштің 85 пайызы өз шешімін оң тапқан. Сондай-ақ, ол федерация құрамында татуласу орталығы бар екенін алға тартты. Яғни, азаматтар сотқа жеткізбей өз мәселелерін медиация арқылы шешуіне болады. Ал, мұндай медиация орталықтары 2018 жылы барлық аймақтарда құрылған.

Сонымен қатар, федерация төрағасы аталған жиын барысында ұсынылған бірнеше ұсыныстарға тоқталды.

Біріншіден, еңбек сотын құру. Яғни, бұл еңбек құқықтарына байланысты туындап отырған ұсыныс. Дәлеталин мырза бұл тәжірибенің шет елдерде кеңінен қолданылатынын айтып өтті.

- Ал, еңбек дауларының барлығы дерлік еңбек құқығына байланысты. Сондықтан да, сол мәселелерді жүйелі түрде қарастыру үшін жекелеген түрде еңбек сотын құруға тиіспіз,- деді Федерация төрағасы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар