Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 1508 0 пікір 28 Сәуір, 2021 сағат 17:05

Кәсіподақтар ұйымы. Еңбекті қорғау мәдениетін қалыптастыру керек

28 сәуір Дүние жүзілік еңбекті, еңбеккерлерді қорғау күні екен. Дүние жүзі елдерінің еңбеккерлерінің құқығын қорғайтын Халықаралық еңбек ұйымы деген арнайы мекеме бар (International Labour Organization, ILO). Міне, аталмыш ұйымның бастамасымен әр жылдың 28 сәуірі - Дүние жүзілік еңбекті қорғау күні ретінде аталып өтіледі.

Алғаш рет 2003 жылы басталған. Мақсаты да түсінікті. Ол – дүние жүзі бойынша еңбекті, еңбеккерлердің құқығын қорғау, жұмыс орындарында жазатайым жағдайлардың немесе кәсіби аурулардың алдын алуға септесу, сонымен қатар, еңбекті қорғау мәдениетін қалыптастыру.

Бұл күн – әуелі ақпараттық-агитациялық маңызға ие. Аталмыш күннің (Бүкіл әлемдік еңбекті қорғау күні) 1989 жылы Американдық және Канадалық еңбеккерлер тарапынан басталған екен. АҚШ және Канада жұмыскерлері 1989 жылы жұмыс орындарында жарақат алған, жарым-жан болған және қаза тапқан әріптестерін еске алу мақсатында алғаш рет осы шараны өткізген. Міне, сол бір еске алу күнінен басталған идея кейін келе бүкіләлемдік сипатқа ие болып, 2003 жылдан бастап арнайы аталып өтілетін болған.

Ал 2020 жылы Дүние жүзілік еңбекті, еңбеккерлерді қорғау күнінің басты тақырыбы - «Пандемияны тоқтату: Жұмыстағы қауіпсіздік пен денсаулық адам өмірін сақтап қалады», - деп жарияланған.

Кеше, 27 сәуір күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов еліміздегі жұмыс берушілерге, кәсіподақтар мен еңбек ұжымдарына үндеу жасап, «Қауіпсіз еңбек» ұранымен іс-шаралар өтзкізуге шақырған. Сонымен қатар, министр Нұрымбетов еліміздегі еңбек ұжымдарын «Vision Zero» нөлдік жарақаттану тұжырымдамасына қосылуға шақырды.

Дүние жүзілік еңбек ұйымы әлем елдері бойынша еңбекті қорғау саласындағы ауқымды проблемалардың азаймай тұрғанын айтқан. Ондағы деректерге сүйенсек, жыл сайын әлемде 2 миллионнан астам адам жұмыс орнында қаза тауып, 270 миллион жазатайым жарақат пен 160 миллион кәсіби аурулар тіркеледі екен. Ал ТМД елдерінде жыл сайын 12 миллионға тарта адам өндірістегі жазатайым жағдайлардың құрбаны болады екен. Бұның басты себебі – еңбекті қорғау стандарттарының дұрыс сақталмауы. Соның салдарынан,  жыл сайын жаһандық экономикаға 4 пайыз ЖІӨ көлемінде шығын келуде.

Қазақстан кәсіподақтары федерациясының деректеріне көз жүгіртсек, Қазақстанда кәсіпорындарда жыл сайын 1300-ден астам жұмыскер өндірістік жарақат алады екен. Ал былтырғы жылдың бірінші тоқсанындағы мәлімет бойынша, жұмыс орындарында өндірістік жарақаттар мен түрлі залардардан зардеп шеккен еңбеккерлер саны 350 адамға жуықтаған.

2019 жылғы дерек. Елімізде зиянды және қауіпті еңбек жағдайында 370 мыңнан аса адам жұмыс істеген. Соның ішінде: шу мен діріл қуаты жоғары жағдайда - 45,9%, жоғары газды және шаңдануы жоғары жұмыс орындарында - 32,6% адам жұмыс істеген. Бұл еліміздегі жұмыскерлердің әрбін екіншісі деген сөз. Арнайы сауалнамаға қатысқан 94 мыңға жуық адамның 5,6%-ы ауыр дене еңбегімен айналысқан. Сондай-ақ, өткен жылы еліміз бойынша 676 мың жұмыскер зиянды еңбек жағдайында жұмыс істегені үшін 128 миллиард теңге көлемінде өтемақы алған.

Өз үндеуінде ҚР Еңбек министрі Біржан Нұрымбетов биыл еліміз бойынша ұзын-саны 255 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланып отырғанын айтқан. Бұл іс 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жүзеге асырылатын болады.

«Үкіметте жұмыс орындарындағы өндірістік жарақаттануды, еңбек жағдайларындағы зиянды жұмыс орындарының санын азайту көзделген. Үкіметтің арнайы қаулысы бар. Ол үшін 2019 жылы «Өндірістің жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту» туралы 2019-2023 жылдарға арналған жол картасы бекітілген.

Сонымен қатар, еңбек ұжымдарында еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу де жоспарланып отыр. Аталмыш мақсатты қамтитын еңбек мәселелері жөніндегі Заң жобасы Парламент Сенатының қарауында. Заң қабылданғаннан кейін, жұмысшылардың қауіпсіздігі мен денсаулығының сақталуы, жұмыстағы қауіпті факторлардың әсерін анықтау үшін олардан туындайтын тәуекелдерді талдауға негізделетін еңбекті қорғауды басқару тетігі енгізілетін болады», – дейді министр Нұрымбетов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2147
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2552
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2368
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661