Жұма, 26 Сәуір 2024
3619 1 пікір 4 Мамыр, 2021 сағат 13:13

Карантин шаралары жеңілдетілді

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой әлеуметтік-экономикалық нысандарға қандай шектеулер алынып тасталғанын айтты.

- «Қызыл» аймақтағы супермаркеттердің, гипермаркеттердің жұмыс уақытына қатысты шектеулер алынып, ашық базарлардың демалыс күні жұмыс істеуіне рұқсат берілді. «Қызыл» және «сары» аймақтардағы діни нысандардың қызметіне жабық үй-жайда ұжымдық іс-шаралар өткізбей, ашық ауада қызмет көрсетуіне рұқсат етілді», - деді министр.

Оның атап өтуінше, «жасыл» аймақтағы мейрамханалар, дәмханаларға, кофеханаларға таңертеңгі 7-ден түнгі сағат 02-00-ге дейін рұқсат берілді. Бұл ретте аталған нысандардан бір уақытта 50-ден артық адам болмауы тиіс. Сонымен қатар «жасыл» аймақтағы компьтерлік клубтар, боулингтер толымдылығы 30 пайызбен жұмыс істей алады. Ал «сары» аймақта көрермендердің қатысуымен спорттық іс-шаралар өткізуге рұқсат берілді. Бұл ретте спорттың іс-шара өтетін орын не бәрі 15 пайыз толымдылықпен қызмет көрсетуі қажет.

- «Қызыл» аймақтағы жазғы алаңдарға 9-00-ден 20-00-ге дейін 50 пайыз толымдылықпен, «сары» аймақта 07-00-ден 24-00-ге дейін 50 пайыз толымдылықпен, «жасыл» аймақта 07-00-ден 02-00-ге дейін 50 пайыз толымдылықпен жұмыс істеуге рұқсат берілді. Сонымен қатар «қызыл» аймақтағы асхана үлгісіндегі қоғамдық тамақтану нысандары 24-00-ге дейін, «сары» және «жасыл» аймақтарда тәулік бойы жұмыс істей алады», - деді Алексей Цой.

Abai.kz

1 пікір