Сенбі, 27 Сәуір 2024
4212 0 пікір 29 Сәуір, 2021 сағат 12:58

Мейвезер рингке оралады

Жеңілістің дәмін татып көрмеген Флойд Мейвезер рингке қайта оралмақ. Оның қашан және кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды.

Мейвезер 20 ақпанда рингке шығуы тиіс еді, алайда коронавирустың жаңа толқыны ол жекпе-жектің өтуіне кедергі болды. Енді оның рингке қашан шығатыны нақты анықталды. Мейвезер YouTube-блогер Логан Полмен 6 маусымда, Hard Rock Stadium кешенінде кездеспек. Бұған дейін ол 2018 жылы 31 желтоқсанда жапон Тенсин Насукавамен жұдырықтасқан болатын. Мейвезер соңғы 5 жылда тек қана шоу мен қаржы табу мақсатындағы жекпе жектерге келісуде. 

Abai.kz

0 пікір