Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
4548 2 пікір 29 Сәуір, 2021 сағат 12:46

Алматыда "барахолка" өртенді

Алматыда ел арасында "барахолка" атанып кеткен нарық тағы да отқа оранды.  Өрттің видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті. Куәгерлер "Кенжехан" базары өртенгенін айтуда. 

"29 сәуір күні сағат 09:25-те Алматы қаласының ТЖД-ға Солтүстік айналым, 116, "Кенжехан-1" нарығында контейнерлер өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түісті. Өрт орнына 6 минутта жеткен өрт сөндірушілер үш автобөлшектер орналасқан контейнерлердің отқа оранғанын көрген. Басқа контейнерлерге өрттің тарап кету қаупі туындады. Дереу арада шара қабылданып, өрт 9 минуттың ішінде ауыздықталды. 09:49-да аумағы 40 шаршы метр болатын өрт сөндірілді. Басқа контейнерлерге өрттің өтіп кетуінің алдын алдық", - деді ТЖД өкілі.

Естеріңізде болса Алматы қаласындағы нарықтарда бұған дейін бірнеше ірі өрт болған еді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1601
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1503
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1251
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1221