Сенбі, 18 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2808 0 пікір 23 Сәуір, 2012 сағат 07:37

Тоқтар Әубәкіров: «Тұңғыш Президенттің командасында болғым келеді!»

Өткен аптаның соңында ғарышкер Тоқтар Әубәкіров «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының қатарынан шыққанын мәлімдеді.

Төменде Тоқтар Әубәкіровтің «Хабар» арнасы арқылы жасаған саяси мәлімдесінің видеосы мен аталған арнаның мемлекеттік тілдегі тәржімесін қаз-қалпында беріп отырмыз.

«Абай-ақпарат»

Тоқтар ӘУБӘКІРОВ, ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ ҒАРЫШКЕРІ, ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ:

Өткен аптаның соңында ғарышкер Тоқтар Әубәкіров «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының қатарынан шыққанын мәлімдеді.

Төменде Тоқтар Әубәкіровтің «Хабар» арнасы арқылы жасаған саяси мәлімдесінің видеосы мен аталған арнаның мемлекеттік тілдегі тәржімесін қаз-қалпында беріп отырмыз.

«Абай-ақпарат»

Тоқтар ӘУБӘКІРОВ, ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ ҒАРЫШКЕРІ, ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ:

- Құрметті қазақстандықтар! Мен сіздерге «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының қатарынан шығу туралы нақты шешімімді хабарлап, бұл қадамымның себептерін түсіндіргелі отырмын. Мен өзімнің ар-ожданым мен адамдардың алдында әркез адал болуға тырыстым. Менің әскери адам ретінде ең басты борышым халқыма және Отаныма қызмет ету болды. Маған қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер құрметі бұйырды. Әрине, мені ғарышқа ұшыру үшін Кеңес Одағы басшылығының алдында табандылық танытқан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа қарыздармын. Мен ең жоғары марапаттар мен атақтарды алдым. Президенттіміздің арқасында халықтың құрметтіне бөлендім. Мен ешқашан жауапкершіліктен жалтарған емеспін, әркез шынайы әрі әділ болуға тырыстым. Экономикалық, тұрмыстық және әлеуметтік мәселелердің шешілмеуіне наразылық танытқан адамдардың шағымы мені «Азат» партиясына алып келді. Бұл бірлескен партия өзінің алдына қоғамның әлеуметтік-экономикалық тұстарын дамыту бағдарламасын құру туралы мақсат қояды деп шын сендім. Әлемдік тәжірибе бойынша, социал-демократиялық партиялар халыққа әлеуметтік және экономикалық институттарды дамыту жөніндегі өз пайымдарын ұсыну үшін құрылады. Партияның мақсаты - қазіргі билік пен Президентке қарсы шығу емес, керісінше, халықтың игілігі үшін ортақ стратегиялық мақсаттарға жетуге үн қосу болуы керек. «Азат» партиясының стратегиясында қарапайым халықтың жағдайын жақсартып, мемлекетті табысты дамытудың нақты жоспары болған жоқ. Сондықтан да, мен «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының қатарынан шықтым. Мені үлгі етіп, партияға өткен адамдардың бәрінен кешірім сұраймын. 20 жылдағы тәуелсіз Қазақстанның табысы толағай. Бұл жерде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегін айтуымыз керек. Халық өзінің Көшбасшысын жақсы көреді. Бұған Президенттің және Парламент Мәжілісі депутаттары сайлауларының қорытындылары дәлел болады. Сайлау кезінде халық Тұңғыш Президенттің бағытын қолдап, зор сенім білдірді. Мен әркез халықтың тағдырына алаңдадым. Мен жершарын ғарыштан көріп, ұшы-қиыры жоқ кеңістікте біздің әлемнің қаншалықты қорғансыз екендігін ұқтым. Мына алмағайып заманда Қазақстан табысты, бақытты және еңсесі тік мемлекет болуы үшін біздің президент бәрін жасауда. Ендеше, оның Отан үшін істеген жұмысы халықтың тарапынан қолдауға лайық. Сондықтан да, бүкіл қазақстандықтарға үндеу жолдай отырып, елдің болашағы үшін өкпе-реніш пен саяси амбицияларды қалдырып, Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айналасына бірігуге шақырамын! Бүкіл Қазақстан халқын күш-жігері мен білімін және тәжірибесін Отанға қызмет етуге, гүлденген Қазақстанды құруға жұмсауға шақырамын. Мен бұл іске тікелей атсалысып, Тұңғыш Президенттің командасында болғым келеді!

;hl=ru_RU&rel=0" />;hl=ru_RU&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="315" width="420">

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2140
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2324
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1653