Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3247 0 пікір 2 Шілде, 2009 сағат 20:48

Құралай Рахымбай. Жатқа тізгін бермеңіз, жаламенен бас кетер

Гастарбайтер. Шекесі қызғаннан шетел асып жүрген туристер емес. Керісінше, ақша үшін «сатылған» жұмысшылар. Маңдай тер, табан ақысы үшін ертелі-кеш тыным таппай жүрген топ. Кім ақша берсе, соның «құлы».
Түп төркіні немістен шыққан «Gast + Arbeiter» (жалдамалы жұмысшы) сөзі ешкімге таңсық емес. Алғаш сонау 60-шы жылдары соғыстан кейінгі уақытта тез қарқын ала бастаған ГФР экономикасына «қолғабыс» жасауға мемлекеттік келісім-шартпен түрік, грек, итальян, испан, португалдар келе бастайды. Келісім бойынша олар белгілі бір уақыттан кейін өз елдеріне қайтып, орнын басқа жұмысшылар алмастыруға тиіс болатын. Алайда Германия үкіметі ойластырған ротация принципі өзін-өзі ақтамады. Жұмыс берушілер жаңа тәртіптің кері шегерілуін талап етіп, тиімсіздігін алға тартты. Нәтижесінде уақытылы жүрген «қонақтардың» көбі тұрақты тіркеуге тұрып, Германияда біржола қалып қойды. Осылайша, неміс елінен басталған гастарбайтерлер көші бірте-бірте барлық елге қанат жайды.  Алдымен  Ресей елін шарлап, кейіннен бұрынғы Кеңестің құрамында болған барлық мемлекеттерді «жауап» алды. 
1950-70 жылдары Еуропада гастарбайтер «экспорттаушы» мемлекеттің қатарына: Греция, Италия, Португалия, Испания жатқызылса, бүгінде Тәжікстан, Албания, бұрынғы Югославия, Қырғызстан, Румыния, Молдавия, Украина, Болгария, Өзбекстан, Түркия, Әзірбайжан, Қытай, Үндістан, Литва, Польша елдері кіріп үлгерді. 

Гастарбайтер. Шекесі қызғаннан шетел асып жүрген туристер емес. Керісінше, ақша үшін «сатылған» жұмысшылар. Маңдай тер, табан ақысы үшін ертелі-кеш тыным таппай жүрген топ. Кім ақша берсе, соның «құлы».
Түп төркіні немістен шыққан «Gast + Arbeiter» (жалдамалы жұмысшы) сөзі ешкімге таңсық емес. Алғаш сонау 60-шы жылдары соғыстан кейінгі уақытта тез қарқын ала бастаған ГФР экономикасына «қолғабыс» жасауға мемлекеттік келісім-шартпен түрік, грек, итальян, испан, португалдар келе бастайды. Келісім бойынша олар белгілі бір уақыттан кейін өз елдеріне қайтып, орнын басқа жұмысшылар алмастыруға тиіс болатын. Алайда Германия үкіметі ойластырған ротация принципі өзін-өзі ақтамады. Жұмыс берушілер жаңа тәртіптің кері шегерілуін талап етіп, тиімсіздігін алға тартты. Нәтижесінде уақытылы жүрген «қонақтардың» көбі тұрақты тіркеуге тұрып, Германияда біржола қалып қойды. Осылайша, неміс елінен басталған гастарбайтерлер көші бірте-бірте барлық елге қанат жайды.  Алдымен  Ресей елін шарлап, кейіннен бұрынғы Кеңестің құрамында болған барлық мемлекеттерді «жауап» алды. 
1950-70 жылдары Еуропада гастарбайтер «экспорттаушы» мемлекеттің қатарына: Греция, Италия, Португалия, Испания жатқызылса, бүгінде Тәжікстан, Албания, бұрынғы Югославия, Қырғызстан, Румыния, Молдавия, Украина, Болгария, Өзбекстан, Түркия, Әзірбайжан, Қытай, Үндістан, Литва, Польша елдері кіріп үлгерді. 
ТМД төңірегінде жат жұрттықтарды құшағына қысып, бауырына басудан ешкімге есе жібермей тұрған – Ресей. Одан кейінгі тізгін – Қазақстанда. Қазақ жерінде еңбегін сатып жүрген көбіне өзбек, тәжік, қырғыз ағайындар. Ел экономикасы еселеп «қызған» 2000 жылдан бері шекара сызығын кесіп, Қазақстанға өткен жалшы жұмысшылар аз емес.
Бүкіләлемдік банктің деректеріне жүгінсек, жыл сайын 1,5-3 миллион өзбек, 300-400 мың қырғыз, 1 миллион тәжік жат елден жалдамалы жұмыс іздейтін көрінеді. Жақыннан «дорбалауды» құп көрген көршілер алдымен Қазақстан мен Ресейдің «есігін» қағады екен. Алайда соңғы уақытта мигранттарға бөлінетін квотаның күрт қысқаруы «қонақтардың» қабағына кірбің түсірген секілді. Олжадан айрылған жұмыс күшін «экспорттаушы» елдер де бұған бармақ тістеп, бас қатыруда.

 

 

Қауіп неден?

 

Әлем экономикасын шатқаяқтатып кеткен дағдарыс мигранттардан да маза кетірді. Батыс елдері шақырусыз келетін «қонақтарға» қойылар талапты үдетті.
АҚШ-тан кейінгі орында мигранттарға «құшақ жайған» Ресей жұрты да жайбарақат қарап жатқан жоқ. Гастарбайтерге бөлінетін квотаның мөлшерін 50 пайызға «шорт» кесті. Деректерді дөңгелетсек, көрші елде 10 миллионға жуық еңбек етіп жүрген мигранттар бар екен. БҰҰ бұл көрсеткішті 12,1 миллионға дейін жеткізіп отыр. Дағдарыстың салқын лебі алғаш сезіле бастағанда Ресей Үкіметі  2009 жылы 3 миллион 970 мың гастарбайтерді қабылдауға келісім берген.  Кейін депутаттардың шу көтеруімен бұл мөлшер  тағы екі есеге қысқарды. Сөйтіп, бар-жоғы 1 миллион 900 мың мигранттың Ресей жерінде жұмыс істеуіне рұқсат. «Жаһандану және әлеуметтік қозғалыс» институтының директоры Борис Кагарлицкий «Бізге мигранттардың жұмыс күші қажет. Бірақ дағдарыс кезінде еліміздегі сыртқа кететін қапиталды ұстап қалу одан да маңызды» дейді. 
Батыс елдері арасында алғашқылардың бірі болып Испания бастама көтеріп, мигранттар үшін арнайы әлеуметтік жоба жасады. Еңбекақы эквивалентіне сәйкес испандықтар гастарбайтерге берешек ақшасынан екі жыл ішінде «құтылуға» әзір. Тек ол үшін еңбек мигранттарының 3 жыл бойы испан жеріне аяқ басуына рұқсат жоқ. Алайда ондағы  5 миллион «қонақтың» бұл шартқа келісу-келіспеуі екіталай. 
Ұлыбритания Үкіметі де үнсіз қалмады. Жыл сайын тұманды Альбионға қарай «тартылатын» жалдамалы жұмысшылардың қатары миллиондап саналатын. Алайда дағдарыс британдықтардың қалтасынан «ұрғанда» гастарбайтерлерге қойылар талап күшейтіліп, арнайы баллдық жүйе енгізілді. Ағылшындардың шарты бойынша тұманды Альбионға аяқ басқан жалдамалы жұмысшының  жоғары білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби біліктілігі болуы керек. Оған қоса ағылшын тілінде еркін сөйлеуі шарт. 
АҚШ-тың жағдайы мәз емес. Жаппай банкротқа ұшыраған компаниялардың жабылуынан шетелдік гастарбайтерлерді айтпағанда, қарапайым америкалықтардың көпшілігі «екі қолға бір күрек таппай» бос қалды. Оның үстіне Оңтүстік Корея мен АҚШ арасындағы келісілген визасыз тәртіп, кәріс-мигранттардың қатарын көбейткен. Қазір американың иммиграциялық қызметі заңсыз мигранттарды «ұстаумен» әлек.
Миграция мәселесі Азербайжан депутаттарының да басын қатыруда. Баку қаласы қаптап кеткен қытайлықтармен «күресе» алмай сүрлігіп жатыр.  Азғантай тиын-тебен үшін жалданатын қытайлықтардың қарасы 2009-2010 жылдары  көбеюуі мүмкін деген болжам бар. Украинаның да «урра»-лап тұрғаны шамалы. Күн көріс қамымен шетел асып кеткен украин азаматтарының көпшілігі өз отанына орала бастады. Тек биылғы жылы Еуропа мен Ресей асып кеткен 3 миллионға жуық жергілікті гастарбайтерлер кері қайтарылмақ. Соған қарамғанда «батька» елінде жұмыссыз қалған халықтың қатары 2 миллионға жетпек  деген жорамал негізсіз емес. 
Халықаралық валюта қорының директоры Страусс-Канн өткен жылдың соңында  Қазақстан үшін де  гастарбайтерлермен «күрес» қиынға түсетінін жеткізген-ді. Дағдарыстың кесірінен далада қалған «импорттық» жұмыс күші қоғамдағы тұрақсыздықты тудыруы мүмкін деген.
Бүкіләлемдік банктің деректері бойынша 2007 жылы Қазақстан гастарбайтерлерді қабылдаудан 9-орын алыпты. Ал Орта Азия бойынша 1-орынға шыққан. Тек 2007 жылы 3 миллионға жуық шетелдік азаматтар еліміздің «есігін» қаққан. Құрылыс қызуының басылғанына қарамастан,  қара жұмыс іздеген гастарбайтерлердің көші тоқтаған емес. Кейбірі көші-қон полициясына тіркелмей-ақ, жеке азаматтардың қолына құжаттарын өткізіп, әркімге бір «сатылып» жүр. Бұл жерде еңбек шарты бұзылып қана қоймай, қарапайым тазалық нормалары да сақталмайды. Гастарбайтер легін тежеу үшін Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі талапты күшейтіп, квотаның көлемін азайтқан болатын. Өткен жылдың соңында ел Үкіметі 2009 жылға бөлінген 2,4 пайыз (экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың тобына шаққанда) квотаның көлемін 0,75 пайызға дейін қысқартты.
Ресейлік ғалым Артем Улунян «Қазақстан мен Ресейге гастарбайтерлер ешқандай қауіп төндірмейді. Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстанға жөнелтілетін ақша ағымының азаюуы , олардың экономикасына ауыр соққы болады. Сол себепті қарсылық акциялар сол елдерде өтеді» деген жорамал жасаған-ды. Бұл пікірді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев та құптап отыр. Себебі көршілес елден келген гастарбайтердің отанына жөнелтетін ақшасы  ІЖӨ-нің 32 пайызына дейін жетіп жығылады екен.  Ал Қазақстан, Ресейден жөнелтілетін ақша көлемінің азаюуы, елдегі тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін. 
Бүкіләлемдік банктің мәліметтері бойынша осыдан 4 жыл бұрын гастарбайтерлер өз еліне 232 миллион доллар ақша жөнелтіпті. Капиталдың сыртқа «сырғуы» кез келген мемлекет үшін тиімсіз, әрине. Десе де, орта жолда ортайып қалатын халықаралық және мемлекеттік бағдарламалар арқылы бөлінетін қаражатқа қарағанда мигранттардың көмегі шын мұқтаждардың қолына жететін көрінеді.
Мәселен, 2006 жылы Қытай елі сырттағы жұмышыларының табысынан ел экономикасына 22,5 миллиард доллар ақша түсіріпті. Одан кейінгі орында Мексикалық гастербайтерлер. Мемлекеттің бюджетін 25,1 миллиард доллармен толтырған. Үндістандықтардың да үлесі аз емес. Гастарбайтерлердің табысы – 23,5 миллиард доллар. 
Ресейдің Орталық банк мәліметтері бойынша отандық капиталы шетелдің қоржынында кеткен елдердің қатарына: АҚШ, Сауд Арабиясы, Швейцария, Германия, Испаия, Ресей және Қазақстан жатқызылыпты.  Қазақстаннан 2006 жылы орыс жұртына 597 миллион доллар ақша жөнелтіліпті. Соңғы жылдары мигранттардың арқасында қырғыз елі 500-700 миллион доллар табысқа кенелген. Тәжіктерде ІЖӨ-нің 10 пайызын гастарбайтерлер толтырады екен.
Сыртқа «сусып» кеткен ақшаға ішіміз ашығанмен, соңғы уақытта жалдамалы «қонақтар» түрлі «ерлік» танытып, «бабын» байқатып жатыр. Алматыдағы ішкі істер департаментінің деректері бойынша өткен жылы беті ашылған  5 мыңға жуық қылмыстың жартысынан көбі көрші елдерден келген азаматтардың үлесіне таңылыпты. Кейінгі кезде гастарбайтерлер өзара бірлесіп «шабуылға» шығудың жаңа әдістерін енгізе бастаған көрінеді. Алматыда 28 ңатар күні тіркелген 28 қылмыстың 8-іне гастарбайтердің «қолтаңбасы» анықталған. Ал Ақтөбеде қытай азаматының заңсыз түрде «Синойл» ЖШС мұнай базасында заңсыз құрылысын жүргізгені белгілі болған. Сөйтіп, сырттан келгендер елімізде  айласын асырып, екі жеп биге шығып отыр. Анау бір жылы Амангелді Айталы ағамыз халықаралық іздеуде жүрген 100-аса қылмыскердің қазақ жерінде жүргенін айтып, жағамызды ұстатқан еді. Сонда өзгені өкпелетпейміз деп жүргенде, өзімізді кемсітіп отырған жоқпыз ба?
Кезінде Міржақып Дулатұлы  «Біз онша сатып алған құл емеспіз, Әркімді төбемізге шығаратын» деген екен. Ағамыз әдемі-ақ айтқан. Есіктен кіріп, «төр» менікі дейтіндерге тоқтау салатын уақыт әлдеқашан жеткені рас. Тіпті осыдан алты ғасыр бұрын Бұхар жырау да «жатқа тізгін бермеңіз, жаламенен бас кетер» деп ескертіп кетпеп пе еді?!

 


«Нұр Астана» апталығы.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2078
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2502
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2133
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1612