Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
46 - сөз 11430 21 пікір 19 Сәуір, 2021 сағат 13:36

Шекараны қайта сызып жүретін шығармыз...

Өзбекстан халқы - 34 млн. «Миллионный город» - жалғыз Ташкент. Қазақстан халқы - 18 млн. «Миллионный город» - үшеу! (төртінші орынға Ақтөбе де жақындап қалды...)

Урбанизация жасайсың ба, жағдай жаса. Ауылды қиратып, ауылдықтар қалаға босып келіп, арба айдап, базар жағалағаны - халықтың одан сайын кедейленгенінің, мемлекет экономикасының күннен-күнге кері кеткенінің көрсеткіші.

Шеткі ауылдарда тұратын халық 30 жыл бойы қалаға ғана емес, қаланың маңайына да жүзмыңдап көшіп келді. Алматы, Шымкент қалалары - үлкен ауылға айналды. Астана да соған жақын... Ал қала маңына шоғырланған халықтың не газы жоқ, не қуатты электр желісі жоқ, не сапалы интернеті жоқ... қыста көмірі жоқ, болса да, атасының құнын сұрайды...

Менің әпкемдер тұратын Шұбарсу деген ауылда халық саны ресми - 50 мың шамасында болса, бейресми 100 мыңға жақындап қалған... Бір ауданның халқындай саны бар бұл ауылды қалаға айналдыруға мүмкіндік мол... әттең, оны істейтін үкімет қайда?...

Ал Өзбекстанда мен білетін, мен тұрған Гагарин, Достық деген екі ауыл қалаға айналды. Бас архитектуралық жоспарын сызып, сол бойынша ауылды жарқыратып қалаға айналдырып жатқан өзбек әкалар жүз жылдығын ойлайтын халық қой... Гагаринді екінші Ташкент жасаймыз дейді... Менің ата-бабаларымның жері еді сол жерлер...

Жетісай, Ильичтің қазақтары да Шымкентке қарай көшуді бастапты... ал «үй сатылады» деген жарнама жазуды көрсе, сол үйді айтқан бағасына сатып алатындар кімдер дейсіздер ғой? Өзбектер мен тәжіктер...

Мына түрімізбен, 20-30 жылда Жетісайдан да айырылып, өзбектермен де шекараны қайта сызып жүретін шығармыз...

Сәуле Әбілдаханқызы

Abai.kz

21 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1564
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1447
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1194
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1185