Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3011 0 пікір 2 Шілде, 2009 сағат 20:41

Алматыда су тасқынынан жапа шеккен шаңырақтағылар үшін жаңа «Саялы» ықшамауданы ашылы

Алматы. 2 шілде. ҚазТАГ – Алматының Алатау ауданында «Шаңырақ-1» мен «Шаңырақ-2» ықшамаудан тұрғындары үшін жаңа «Саялы» ықшамауданы ашылды, делінген қала әкімдігінің бейсенбі күні таратқан хабарында.

Құжатқа сәйкес, мамырдың соңында су тасқынынан, қолдан жасалған бөгеттің бұзылуы салдарынан Алатау ауданында 62 үй қираған болатын. Олар заңсыз салынған болса да, қала билігімен оның тұрғындарына көмек көрсету туралы шешім қабылданған. Бүгін жаңа үйлердің кілтін салтанатпен қала әкімі Ахметжан Есімов тапсырды. Сөйтіп 62 отбасы үйлі болды.

«Бүгінен бастап сіздер, заңды негізде өз үйлеріңіз бен өз жерлеріңізде тұрып жатқан толыққанды алматылықсыздар. Байсалдылықпен жұмыстарыңызды жалғастырып, балаларыңызды өсіріп, біздің елдің дамуына үлестеріңізді қоса беріңіздер», - деді әкім жаңа қоныстанушыларға.

«Саялы» ықшамауданының құрылысы Алатау ауданының солтүстік –батыс бөлігінде биылғы 29 мамырда 81 гектер жерде басталған. Жеке құрылыс үшін қала бюджетінің ресервтік қорынан қосымша 60 млн теңге бөлінгенді. Қазіргі уақытта үйлерге су құбыры жүргізіліп жол салынды, жақын уақыттары қоғамдық көлік қатынасы да жүйеге келтіріледі.

Хабарда айтылғандай, жақын арада осы ықшамауданнан жерлері мен үйлері заңдастырылуға жатпайтын Алатау ауданының тұрғындарына үйлер мен жер телімдерін алу мүмкіндігі беріледі. Себебі ол тұрғындардың үйлері «қызыл жолақта», яғни газ құбыры, ЛЭП өтетін және суды қорғау зоналарында орналасқан. 

Ықшамаудан территориясында 6 сотық жерлерімен 62 үй орналасқан. Әрбір үйдің жалпы ауданы 25 м2 болғанымен оны кейін кеңейтуге болады.

Аудандағы құрылыс,  даму перспективасын ескере отырып жүргізілді. Бұл жерде көшелер, магистралды жолдар мен коммуникация салу қарастырылған. Азаматтар үйлерін бірден сатып алуларына не 7 жыл бойына сатып алуларына болады. Оларға жеңілдікпен кейінге қалдыру мүмкіндігі берілген. Үйлерді сатып алғысы келмейтіндер ол үйлерді жалға алып тұра берулеріне болады. Сонымен қатар ауданда коммерциялық тұрғынүй құрылысы да басталмақшы.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2098
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2514
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2197
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1620