Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2720 0 пікір 2 Шілде, 2009 сағат 20:38

Бас прокуратура Жәкішевтің ісі бойынша мемлекеттік құпияларға тергеуден басқа ешкімнің рұқсаты жоқ деп сендірді (толықтырумен)

Астана. 2 шілде. ҚазТАГ – Айнагүл Бекеева. ҚР бас прокуратурасы «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің қылмыстық ісі бойынша мемлекеттік құпияларға тергеуге қатысы жоқ ешбір азаматтың рұқсаты жоқ деп сендірді.

«Жекелеген азаматтарға мемлекеттік құпияларды қарауға рүұсат берілгені туралы тұрақты болжам шындыққа сәйкес келмейді. Мен бұл туралы жауапты түрде мәлімдей аламын», - деп мәлім етті бас прокурордың аға көмекшісі Күлзия Күйікова бейсенбі күні брифингте.

Сонымен қатар, ол қамауға алынғандардың және ұсталғандардың туыстарымен кездесулерін ешкім шектеп отырмағанын атап көрсетті. «Әйелдері мен туыстарының өтініштері бойынша барлық кездесулер кедергісіз өтеді. Олардың санын тергеушілер анықтайды. Куәгерлер қорғау бағдарламасына жатқызылып отыр», - деп толықтырды ол.

К. Күйікова «Жәкішев мырзаның өзінің әйелімен» кездесулері туралы ақпаратты қуаттай алмады.

Бұған дейін М. Жәкішевтің адвокаттары қылмыстық іске құпия санаты берілгенімен, бірқатар БАҚ осы іске қатысты мәліметтерді жариялап отырғанын айтқан болатын.  «Депутаттар бұл істі зерттеп қойғанда, қандай құпиялылық болуы мүмкін? Дархан Қалетаев ( «Нұр-Отан» партиясы төрағасының орынбасары - ҚазТАГ) та іс партияда қаралғанын мәлімдеді. Ал «Хабардан» «Қылмыстық уран» деген атаумен фильм көрсетілді», - деп мәлім етті уран өнеркәсібі жұмыскерлері кәсіподағының қоғамдық қорғаушысы Асылхан Дүйсембин.

«Егер қылмыстық істің материалдары құпия болса, демек қылмыстық тергеу органының өзі бұл мәліметтерді жариялап отыр. Егер бәрі жария болса, неге М. Жәкішевтің ісіне адвокаттар жіберілмей отыр?», - деп атап көрсетті адвокаттар.

Сонымен қатар, бас прокурордың аға көмекшісі мәлімдегендей, қамауға алынған М. Жәкішевтің, оның оққағары Талғат Қыстаубаевтың және ұсталған Малхаз Цоцорияның, Асқар Қасабековтың, Дмитрий Парфеновтың азаматтық құқықтары бұзылған жоқ.

«Олардың азаматтық құқықтары мен мүдделеріне қандай дар бір қысымшылық көрсетіліп отырғанына күмәнданудың жоқ. Қазір қылмыстық іс прокурорлық қадағалаумен тергеліп жатыр, оларды ұстау жағдайлары да бақылауда. Прокурорлық араласуды қажет ететіндей, қылмыстық –процессуалдық кодексті бұзу оқиғалары жоқ», - деп нақтылады ол.

Сонымен бірге, К. Күйікова М.Цоцорияның өзі «Хабар» телеарнасы арқылы көрсетілген сюжетте жасырын үйде жақсы жағдайда тұрып жатқанын айтты, сондықтан «бұл жасанды сахналау деп күмәндануға еш себеп жоқ» екендігін жеткізді. «Мұның бәрі -  күйеулерінің тағдырына алаңдаған әйелдердің ойлары. Бұл - түсінікті жағдай. «Хабар» телеарнасы арқылы көрсетілген бейне материалдар  - бұл жеткілікті деңгейде маңызды дереккөз», - деді ол.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2080
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2503
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2140
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1612