Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2827 0 пікір 2 Шілде, 2009 сағат 20:23

Бақыт ЖАНШАЕВА. Тұтқындағы ақтөбеліктер елге оралды

Өзбекстанның Нөкіс шаһарында қамауда болған ақтөбелік 27 жүргізуші кеше Маңғыстау-Ақтөбе пойызымен ауылдарына оралды. Туысқандары жүргізушілерді Ақтөбеге жетпей, Қандыағаш стансысынан күтіп алды. Жүргізушілер бүгін арнайы баспасөз мәслихатын өткізбекші болып отыр.
Олардың айтқанына қарағанда, өзбектер 27 жүргізушіні саяси тұтқындар тәрізді қатаң жағдайда ұстаған. Әрқайсысын жеке-жеке қамап, бір-бірімен сөйлестірмей қойған. Олар ұсталған соң, 18 күн бойы Қазақстан жағына болған оқиға жайында тіпті хабарланбаған да. Тек тұтқынға түскендер аштық жариялаған соң барып, істің беті бері қарапты. Өзбекстандық құқық қорғаушылар Қазақстан азаматтарын аяусыз ұрып-соғып, қалтасындағы ақшасы мен ұялы телефондарын тартып алған. Әсіресе, Байғанин ауданының тумасы, 1980 жылы туған Әнуар Сағынның өзбектер сағын сындырмаса да, жағын сындырып қайтарыпты.
Сот шешімі бойынша, жүргізушілердің көліктері тәркіленіп, әрқайсысына 10 мың доллар көлемінде айыппұл кесілген. Өздері көлікті кредитке сатып алған, болмаса жалға алған жүргізушілердің ондай қаржыны қалтасы көтермейтіні анық. Сот шешімі шыққаннан кейін де бес күн қамауда отырғандарды босатуға Қазақстан елшілігінің айтарлықтай септігі тиген. Консул Бабыр Дәуренбеков өзбек заң орындарына айыппұл төлеуді Қазақстан Үкіметі өз мойнына алатындығы жөнінде қолхат бергеннен кейін ғана жүргізушілер босатылған.

Ол аздай, Өзбекстанда 1984 жылдан бері қараусыз жатқан құбырларды қазақ жағына сатқан «ҮргенішТрансГаз» компаниясы біздің жүргізушілерден 600 литр дизель майын және 5 мың литр бензин өндіріп алуды талап еткен.
Елге дін аман оралғанымен, ақтөбелік жүргізушілер көліктері үшін кредит пен жалақысын өтеуде Үкіметтен бір жәрдем бола ма деп үміттеніп отыр. Бұл турасында бүгінгі баспасөз мәслихатында егжей-тегжейлі айтылатын болса керек.

Бақыт ЖАНШАЕВА, Ақтөбе
«Алаш айнасы» газеті 2 шілде 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2101
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2514
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2197
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1622