Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
3588 2 пікір 9 Сәуір, 2021 сағат 13:39

БҰҰ Қырғызстанды айыптады

БҰҰ Қырғызстандағы алып қашудың құрбаны болған Айзада Қанатбекованың оқиғасына қатысты мәлімдеме жасап, алып қашу дәстүрін тоқтатуға шақырды. Бұл туралы 8 сәуір күні ұйымның арнайы сайтында жарияланды. 

«Айзада Қанатбекованың алып қашудың құрбаны болып, ажал құшқаны бұл адамилыққа жат тәжірибені тоқтату керектігін көрсетеді. Қырғызстан мен өзге елдерде әйелдер мен қыздар ұрлау мен зорлаудан қорықпастан еркін жүруіне құқықтары бар», — деді БҰҰ.

БҰҰ Қырғызстан президентінің бұл қылмысты өз бақылауына алғанын жақсы тәжірибе ретінде атап өткен.

Abai.kz

 

2 пікір