Сенбі, 18 Мамыр 2024
Деп жатыр 5352 14 пікір 9 Сәуір, 2021 сағат 13:16

«Елдегі ең ықпалды адам - Тоқаев»

GR Consulting Groupтың атқарушы директоры Ербол Еділов өзінің  Телеграм каналына жыл сайын Қазақстандағы ықпалды азаматтар тізімін жасап, салады. Бұл рейтингтер жеке аналитикалық зерттеу болғандықтан, ресми құжаттарда қолданылмайды.  

100 ықпалды қазақстандықтың рейтингін жасауда жаппай мониторинг қолданылады. Оның ішінде мансаптық өсуі, олардың БАҚ пен халық арасында танымалдығы, саясаттанушылар, журналистер мен блогерлердің пікірлері және басқа да факторлар қарастырылған.

Биыл да рейтинг жасалды. Алғашқы ондықты ер азаматтар бастап тұр.

Олар: Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, Кәрім Мәсімов, Асқар Мамин, Нұрлан Нығматулин, Абай Бисембаев, Тимур Құлыбаев, Самат Әбіш, Қайрат Сатыбалдыұлы, Бауыржан Байбек, Әсет Исекешев.

Рейтингте Дариға Назарбаева 12-орын, Алия Назарбаева 43-орын, Динара Құлыбаева 56-орынға жайғасқан.

Рейтингке алғаш болып Алмасадам Сатқалиев, Жанат Элиманов, Асет Ерғалиев, Серік Шапкенов, Ғабидулла Абдрахимов, Арман Қырықбаев кіріп отыр.

Естеріңізде болса, осыған дейін (былтыр) Ербол Еділов Қазақстанда ең ықпалды 50 әйелдің тізімін жасаған. Онда топ бастаған үштік - экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үш қызы болған.

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2134
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2542
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2303
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1646