Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
3148 1 пікір 9 Сәуір, 2021 сағат 11:33

Қазақстанда қанша адам вакцина салдырды?

2021 жылғы 9 сәуірдегі мәлімет бойынша Қазақстанда 254 344 адам вакцина салдырды. Бұл туралы ҚР Денсаулық министрлігі мәлімдеді.

Ал, екпені Нұр-Сұлтан қаласы бойынша I компонентпен 23 151 адам, II компонентпен 7 969 адам алған. Алматы қаласында I компонентпен 49 492, II компонентпен - 11 889 адам салдырған.

Бүгінде 30 219 адам короновирус инфекциясынан (29 429 КВИ+ және 790 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 11 376 пациент стационарда, 18 843 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында:

- 517 адамның жағдайы ауыр;

- 163 пациенттің жағдайы өте ауыр;

- 87 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Abai.kz

1 пікір