Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2678 0 пікір 2 Шілде, 2009 сағат 20:12

2017 жылғы қысқы универсиаданы өткізуге әлеуетіміз жете ме?

0179

Мұрат ӘБЕНОВ, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

- Егер мұндай мүмкіндік туып жатса, оны жоғары деңгейде өткізу біз үшін қиындық тудырмауы керек. Оған дейін әлі табаны күректей тоғыз жыл барын ескерсек, 2017 жылға дейін көп нәрсені өз пайдамызға шешуге болады. Ал «қысқы универсиаданы өз жерімізде өткізуге әлеуетіміз жетпейді» деушілерге айтарым, пессимист болмаңыздаршы. Мәселен, «1997 жылдары астананы Ақмола қаласына көшіру» туралы ұсыныс түскенде, көпшілігі бұл қадамнан қорқып, Алматыда қалып қойды. Бірақ өздеріңіз көріп отырсыздар, осы он жыл ішінде Астана адам танымастай құлпырып шыға келді. Қанағаттанбасаңыз, тағы бір мысал келтірейін. Ауылда қараша келген бір үй «той жасаймын» десе, бастапқы кезде барлығы күмәнмен қарайтыны анық. Бірақ біраз уақыттан кейін қарасаңыздар, әлгі үй дүркіретіп той жасап жатады. Сол сияқты Қазақстанның 2017 жылы бүкіләлемдік қысқы универсиаданы жоғары деңгейде өткізе алатына сенбеушілер болуы мүмкін. Менің ойымша, ол қате түсінік. Өйткені біз дағдарыстың салқынына қарамастан, 2011 жылы қысқы Азиада ойындарын өткізгелі отырмыз. Ал 2017 жылға дейін барлығы жақсы жағына қарай өзгеретініне сенімдімін.

0257

Владимир СМИРНОВ, даңқты шаңғышы, Халықаралық Олимпиада комитетінің көрнекті қайраткері:

- Егер қысқы универсиаданы қабылдау туралы ұсыныс түсіп жатса, одан бас тартпай, бірден келісуіміз керек. Өйткені бұл - бізге беріліп тұрған сый. Кейбіреулер «универсиаданы өткізу құр шығынға ұшыратады» деп ойлауы мүмкін. Алайда қате түсінбеуіміз керек. Себебі мәртебесі жөнінен төмендеу демесеңіз, универсиаданың деңгейі Азия ойындарынан да жоғары. Мәселен, Азиадаға ары кетсе, 30-40 шақты елдің өкілдері қатысады. Ал универсиадаға қатысу үшін 80-90, тіпті 100-ден аса мемлекеттің спортшылары келеді. Яғни бұдан кейін біздің елді бүкіл әлем жақсы қырынан таниды деген сөз. Нәтижесінде, экономикамыз да біршама алға жылжиды. Айта кетер бір нәрсе, 2017 жылғы бүкіләлемдік универсиаданы жоғары деңгейде өткізе алмай қаламыз деп қорықпағанымыз жөн. Өйткені бізде спорттық нысандар аз емес. Оның үстіне Ақ Азиадаға байланысты біраз кешендер салынып, қалғандары қайта жөндеуден өтіп жатыр. Міне, сондықтан бізге универсиаданы өткізу аса қиындық туғызбайды. Оның үстіне 2017 жылға дейін әлі тоғыз жыл барын ескерсек, кейбір олқылықтардың орнын толтыруға уақыт жетеді.

0343

Серік ӘБДІРАХМАНОВ, «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары:

- Қазақстанның қауқары, байлығы тек универ­сиаданы ғана емес, қатарынан үш-төрт олимпиада ойындарын өткізуге жетеді. Өкініштісі, бізде халықтың игілігін ойлайтындардан гөрі, жеке басының қамын ойлап, жан қалтасына неғұрлым көп ақша басып қалуды көздейтіндер көп. Ал негізі, қысқы универсиаданы өз елімізде өткізген өзіміз үшін өте керек. Егер мұндай шараны өткізу тиімсіз болса, Қытай, Ресей секілді алып елдер универсиада, олимпиадаларды өткізуге таласып несі бар?! Рас, универсиаданы өз жерімізде өткізу үшін біраз шығындалатынымыз жасырын емес. Алайда оның қайтарымы да болатынын ұмытпауымыз қажет. Осы арқылы біз сыртқы экономикамызды көтеріп, өзге елдер алдында абыройымызды биіктете аламыз.

Дайындаған Азиз Жұмаділ

«Алаш айнасы» газеті 2 шілде 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1972
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2337
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1919
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1563