Жұма, 26 Сәуір 2024
Билік 4005 0 пікір 5 Сәуір, 2021 сағат 15:30

Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі тағайындалды

ҚР Президентінің Жарлығымен АҚШ-тың Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына Ержан Ашықбаев тағайындалды. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. 

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды»,- делінген хабарламада.

Қазақстанның АҚШ-тағы бұрынғы елшісі Ержан Қазыханов Президенттің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі лауазымына тағайындалған болатын.

Бұған дейін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі туралы» Жарлыққа қол қойған еді.

Abai.kz

0 пікір