Сейсенбі, 21 Мамыр 2024
1550 0 пікір 3 Наурыз, 2021 сағат 10:09

«Қазақстанның 100 жаңа есімі». Биылғы жобаның ерекшелігі неде?

Өткен аптада ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі еліміздегі ең ірі жобалардың бірі «Қазақстанның 100 жаңа есімі» байқауының басталғанын мәлімдеді. Биылғы жобаның ерекшелігі – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтпек.

Жобаға өтініштерді қабылдау 22 ақпан мен 15 наурыз аралығында жүзеге асырылады. Ал, байқау туралы 100janaesim.ruh.kz сайтынан біліп отыруға болады.

Айта кетейік, аталған жоба Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұйытқы болуымен алғаш рет 2017 жылы өткен болатын. Тұңғыш Президенттің айтуынша, бұ жоба жастардың кәсіби тұрғыда өсуі мен тұлғалық дамуы үшін және уақытын тиімді пайдалануға септігін тигізеді.

Елбасы өз сөзінде бұл байқауға қатысатындар болашақ ұрпақ үшін үлгі болатынын атап өтті.

-Біз көздеген мақсатымызға жету үшін үнемі әрекет етуге және армандай білуге тиіспіз. Бәрі де адамның ерік жігеріне байланысты. Бұл жобаға қатысушылар – болашақ ұрпақ үшін үлгі өнеге. Қатысушылар өз еңбектерінің нәтижесі арқылы өмірде бәріне қол жеткізуге болатынын дәлелдеді,- деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

2021 жылы да аталған жоба жалғасын тапты. Биыл IV маусым жеңімпаздарының есімдері белгілі болады.

Ал, биылғы маусымның ерекшелігі – ең әуелі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтіп отыр. Демек, байқау жеңімпаздарының жетістіктерін ел дамуының айғағы деуге негіз бар. Себебі, жоба қатысушыларының барлығы дерлік еліміздің дамуына өзіндік үлес қосқан, ел болашағына бей-жай қарамайтын жастар.

Айта кетейік, бүгінде аталған байқауға Қазақстанның барлық өңірінен 2 790 өтініш келіп түсті.Өтініштер негізінде 7 номинация бөлінген. Сауалнама нәтижесі боынша, спорт және мәдениет, қоғам және білім номинацияларына үміткерлер көп болған. Сонымен қатар, биыл «Экология» деп аталатын жаңа номинация қосылды. Өтініш саны бойынша өңірлер арасында алдыңғы орында Шығыс Қазақстан облысы, Ақмола мен Маңғыстау облыстары белсенділік танытуда.

Негізінен жоба мақсаты – еліміздің әр өңірінде тұратын, Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен жастарды таныстыру, жастарға үлгі ретінде көрсету.

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева осындай жастарымыз осындай табысты адамдардан үйрену керек екенін алға тартты.

-Биылғы жоба – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылып жатыр. 30 жыл ішіндегі еліміз жеткен табыстар – осындай ел азаматтарының ерен еңбегінің нәтижесі. Сондықтан халқымыз Жақсыдан үйрен дегенді жас ұрпаққа осындай адамдар арқылы үлгі етіп отырған,- деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

Бұл жобаға Қазақстан азаматтары мен елден тыс жерде тұратын отандастарымыз да қатыса алады. Қатысушылардың өтініші 7 номинация бойынша іріктелген. Олар: ғылым және инновация, спорт және мәдениет, медицина, экология, білім беру, қоғам мен бизнес.

Ал, жобаға қатысушы азамат шартта кһрсетілгендей, сенімді ақпарат беруге міндетті. Егер, жалған ақпарат немесе дауыс беру кезінде бұрмалаушылыққа барса, яки қандай ді бір құқық бұзушылықтар анықталса, қатысушы жобадан шығарылады.

Келіп түскен барлық өтініштер модерациядан өтіп, кейіннен 100janaesim.ruh.kz сайтында жарияланады. Өтініш қабыладу аяқталған соң, жалпыхалықтық дауыс беру басталады. Ол онлайн форматта өтпек. Сонымен қатар, өтініштердің бірқатар бөлігі танымал тұлғалардың, мәдениет және қоғам қайраткерлерінің, бизнес пен спорт өкілдерінен тұратын қазылар алқасының назарына ұсынылады. Тағы бір айта кетерлігі – биылдан бастап, жоба жеңімпазы келесі маусымның қазылар алқасының құрамына кіреді.

Онлайн дауыс беру арқылы ең көп ұпай жинаған және қазылар алқасының таңдауына іліккен жоба қатысушысы биылғы сәуір айында жоба жеңімпазы атанбақ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2242
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2597
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2561
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1687