Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
1659 0 пікір 2 Наурыз, 2021 сағат 12:45

Карин: Президент мақаласы - мемлекеттің идеологиялық тұғыры

Жыл басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы жарияланды.

Аталған мақалаға түрлі көзқарастар мен пікірлер айтылып, жазылып жатты. Мәселен, ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Кариннің айтуынша, Президенттің мақаласы мемлекеттіліктің келбетін қалыптастыруға негізделген қуатты идеология болады.

-Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған мақаласы шын мәнінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын ашқан және сол мерейлі сәтке бағыт-бағдар беріп, басты жұмыс серпін береді. Президент Тоқаев бұл мақаласында Тәуелсіз Қазақстанның өткен отыз жылдығын қорытындылап, жаңа кезеңнің даму басымдықтарын анықтайды. Президенттің ендігі бағыты алдағы төртінші онжылдықтың басты міндеті тиімді мемлекет пен әділ қоғам құру екендігін негізге алады. Бұл ретте елдің кез-келген жетістігі барлық ел азаматтарының шынайы игілігімен өлшенуі тиіс. Бұл мәселеге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тағы да аса мән беру керектігін баса айтты. Демек, бұл Президенттің ел басшысы қызметіндегі барлық шешімдерінің түбегейлі негізі және сенімі,- деді Карин.

Карин мырзаның айтуынша, Мемлекет басшысының аталған мақаласында ел ертеңі үшін маңызды бірқатар ұсыныстар мен жаңа идеялар бар. Мәселен, ол тарихи сананы қалыптастыру, этносаралық келісімді сақтау, ғылымды дамыту, жастарды қолдау сонымен қатар, мемлекеттік тілдің рөлін арттыру сынды бірқатар маңызды салаларды қамтыған. Сондай-ақ, Карин мырза Президент Тоқаевтың саяси реформалар туралы айтқан сөздері айрықша маңызды деп санайды.

-Мемлекет басшысы аталған мақаласында реформаларды жүйелі түрде, ақылға қонымды етіп жүзеге асыру керектігін  айрықша атап өтті. Бірақ, оны созып, уақытты кетіруге болмайтындығын да ескертті. Президент сонымен қатар биліктің халық алдындағы жауапкершілігі аса маңызды екенңн, оны әр уақытта сезінуге тиістігіне мән берді. Сондықтан да, Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет ауыл әкімдерін сайлауды, одан соң аудан әкімдері сайлау арқылы таңдалатынын айтты. Бұл іс жүзінде нәтижелі болса, онда облыс әкімдері де осы ретпен сайлауға көшу туралы шешім қабылданбақ. Шынын айтқанда, бұл Президент мақаласындағы ең негізгі ойлардың бірі, - деді Карин.

Одан бөлек, Президент көмекшісі ел тарихының жаңа кезеңіндегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған мақаласы еліміздің ертеңгі болашағын қалыптастыруда негізгі қуатты идеологиялық тұғыр болатынын да ерекше атап өтті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1974
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2343
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1920
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1563