Сенбі, 18 Мамыр 2024
3302 0 пікір 2 Сәуір, 2021 сағат 12:05

Түркіменстан карантиндік шектеулерді азайтады

Түркіменстанда карантиндік шектеулерді азайту бойынша қаулы өз күшіне енді. Елдегі вирус жұқтыру фактілері көбейгеніне қарамастан Ашхабад осындай шешім қабылдап отыр. Коронавирус Түркіменстанда ресми түрде мойындалған емес, бірақ карантиндік шектеулер бар.  

Бір жылдық үзілістен кейін ел ішіндегі теміржол және автобус байлыныстары қайта іске қосылды. Қонақ үйлер келушілерді қабылдап жатыр. "Коронавирус жоқ" деген билік карантиндік шектеулерді не себеппен енгізгенін айтпаған еді, енді карантиндік шектеулерді азайтудың себебін де жарияламады.

1 сәуірден бастап Авазадағы қонақ үйлер де келушілерді қабылдауды бастады. Қонақ үйде орналасу үшін COVID-19 анықталмағаны жайлы анықтама көрсетсеңіз жеткілікті. Елдегі жағдайдың нашарлағанына қарамастан, қонақ үй бағалары 35%-ға артқан.

Карантиндік шектеулерді азайтқан Түркіменстан билігі халықты вакцинациялауды бастайды. Елде вирустың барын мойындамаған түркімен билігі бұл әрекетіне де ресми жауап бермеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2143
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2548
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2340
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1654