Сенбі, 18 Мамыр 2024
3675 5 пікір 30 Наурыз, 2021 сағат 11:47

Әлия Назарбаева Қытай вакцинасын салдырды

«Жандану әлемі» қорының басшысы, экс-президенттің кенже қызы Әлия Назарбаева қытай вакцинасын салғызды. Бұл туралы Назарбаева instagram парақшасында мәлімдеді. 

«Вакцина туралы әр түрлі пікірлер бар және бұл туралы әркім өзі шешім қабылдауға құқылы.
Мен демалыста болғанда, қытай вакцинасын салғыздым. Өзімді жақсы сезінемін.
Бірақ денсаулықтың басты кепілі - белсенді өмір салты, күн және бәріне деген позитивті көзқарас»,- деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау минстрі Алексей Цой Қазақстан Қытайдың Sinovac вакцинасының 3 млн дозасын, ресейлік «Спутник Лайттың» 1 млн дозасын сатып алатынын айтқан болатын.

Ал, жалпы жыл соңына дейін  6 миллион азаматқа коронавирусқа қарсы екпе салу жоспарланып отыр.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2134
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2542
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2303
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1646