Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
3853 0 пікір 25 Наурыз, 2021 сағат 17:53

Қырғызстандық мигранттар пандемияда көп қаржы тапқан

Қырғызстандық еңбек мигранттарының АҚШ, Ресей және Қазақстаннан өз елдеріне қанша қаржы аударғаны белгілі болды. 

2021 жылдың қаңтар айында Ресейден Қырғызстанға 146,9 млн доллар қаржы аударған, бұл 2020 жылдың желтоқсан айында аударылған қаржыдан  62,4 млн долларға аз. Мұндай статистикалық көрсеткіштерді Қырғызстан Республикасының Ұлттық банкінің аударма бюросына қарап білуге болады.

Алайда 2020 жылдың қаңтарымен салыстырғанда бұл 1,1 млн долларға артық. 2021 жылдың қаңтарында қырғызстандықтар Қазақстаннан Қырғызстанға 0,4 млн доллар аударған, бұл  2020 жылдың желтоқсан айында аударған қаржыдан 0,3 млн долларға аз. Өзге елдерден қырғызстандық еңбек мигранттары қаңтар айында  4,1 млн доллар аударғаны анықталды. АҚШ-тан қаңтар айында 2,4 млн доллар аударым жасаған.

Жылпы қырғызстандық еңбек мигранттары 2019 жылы 1,8 млрд доллар, 2020 жылы 1,9 млрд доллар таза аударым жасаған. Пандемияға қарамастан сырттан қаржы аудару 2%-ға артқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар