Сенбі, 11 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2473 0 пікір 6 Сәуір, 2012 сағат 14:12

БҚО өзендерінде су деңгейі көтеріліп барады

Батыс Қазақстан облысында Жайық, Деркөл, Шаған, Шыңғырлау, Өлеңті, Шідерті, 2 Шежін, 1 Шежін, Быковка, Қалдығайты өзендері көтерілу үстінде.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен 6 сәуір күні түскен мәліметке қарағанда, Шідертіден басқа өзендерде су деңгейі қалыптағыдан төмен, су басу қаупі жоқ. Ириклин су қоймасынан секундына 20 текше метр, Варфоломеевтен 11,5 текше метр су жіберілуде.

Облыстық маңызы бар жолдарда су өткізетін 1142 тұрбаның 932-сі тазартылды. Макаров ауылына қарай 11 шақырым жерде су өткізетін тұрбаны су басып кеткен, қалпына келтіру жұмыстарына 4 техника, 10 адам қатысуда. Автокөліктер жолды айналып өтуде.

Қазталов-Қошанкөл автожолының 32, 37 және 38-інші шақырымында су шайған жерлерге белгі қойылып, кезекшілік ұйымдастырылды. Қазталов-Бозоба жолының 7-шақырымында да осындай жағдай.

Жәнібек ауданында Кайсацк елді мекеніне қарай 12,13-шақырымда судың жол бетіне шығуы аяқталды, қозғалыс бар.

Республикалық маңызы бар Қазталов-Жәнібек жолының 63-шақырымында су шайған жер де бақылауда.

Зеленов ауданы Зеленый ауылының тұсында Деркөл өзенінде мұз жару жұмыстары жалғасуда. Қаратөбе ауданында Шилі өзенінің Шалғын ауылы тұсында мұз жару басталды. Бөрлі ауданында Пугачев ауылы маңында Шыңғырлау өзенінде, Тасқалада Деркөлде мұз жарғыш бригада жұмыс жасаса, Қазталовта кезекшілікте тұр. Шыңғырлау мен Сырым аудандарында мұндай жұмыстар мәреге жетті.

Қазталов пен Ақжайық ауданында  су сору, құм толтырылған қап дайындау жұмыстары жалғасса, Бөкей ордасында Мұратсай ауылындағы дамба нығайтылуда. Орал қаласында бір тәулікте 2651 текше метр су сорылды.

Су тасқынының алдын алу жұмыстарына ТЖМ бөлімшелерінен 54 техника, 138 адам, жергілікті атқарушы органдардан 268 техника, 1612 адам қатысуда.

Қазақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1928
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2098
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1744
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1525