Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
7082 4 пікір 23 Наурыз, 2021 сағат 13:29

Мишустин қазақша, Мамин орысша сөйлеп жүр

22 наурыз күні Қазақстанның Премьер-министрі Асқар Мамин мен Ресей Премьері Михаил Мишустин Мәскеуде кездесті. Кездесу коронавирусқа қарсы бірлесе әрекет ету мен «Спутник-V» вакцинасын алуға қатысты тақырып аясында өтті.

Премьерлер кездесу барысында ортақ келісімге келіп, Қазақстан 4 млн доза вакцина алатын болып уағдаласты.

Кездесу барысында Ресей премьері Мишустин қазақстандық әріптесін Наурыз мейрамымен құттықтады. «Наурыз кутты болсын» деді Мишустин, қазақ тілінде. Асқар Мамин қазақ тілінде құттықтаған Мишустинге орысша: «Спасибо» деп қысқаша жауап қайтарды.

Жалпы елішілік һәм халықаралық саяси процесстерде (келіссөздер мен кездесулерде) қазақ тілін қолдану жағынан ел Үкіметі ақсап тұр. Қазақ Премьері Маминнің Мишустинге айтқан жауабы соның дәлелі болса керек.

Есесіне біздің Мамин орысшаға судай, тіпті таңғы сағат төртте тұрып, қытай тілін үйренетінін өзі екі жыл бұрын айтқан еді. 2019 жыл. Қазіргі Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың орнына Үкіметті тізгіндеген Асқар Маминнің қытай тілін үйреніп жүргені жайлы «Abai.kz» ақпараттық порталында: «Қазақшаны қатырмайтын Мамин қытайша үйреніп жүр...», атты мақала жарияладық.

Тәуелсіздік жылдары түпнұсқа негізінде тек қана мемлекеттік тілді қолданып, қабылданған екі ғана заң бар. Бұл Тәуелсіздігіне отыз жыл толған Қазақстан үшін нағыз трагедия. Мемлекеттік тілді қолдану аясы тек күйбең тірлік пен өзара ақпарат алмасу арасында ғана қалып қойғандай.

Мысалы ашық ақпарат көздерінде жарияланған деректерге сүйенсек, сот істерінің 17 пайызы ғана қазақ тілінде қаралып келеді. Заң орыс тілінде шығып, сот орыс тілінде өтсе, қазақ тілінің деңгейі мен қазақ тілділердің құқығы жайлы не айтуға болады?!

2009 жылғы еліміздегі халық санағының алдында жүргізілген сауалнама нәтижесіне сүйенсек, Қазақстанда 94,4% халық орыс тілін түсінетінін жеткізген. Оның ішінде 84,8%-ы орыс тілінде жаза да, оқи да алса, 3,4% халық тек оқи алады. Ал қалғаны тек орыс тілін түсінеді.

Қазақ тілі бойынша бұл көрсеткіш 74%-ды құраған. Қазақ тілінде жаза да, оқи да алатын халықтың саны 62%.  Өз жерімізде өгейдің күйін кешкен қазақ тілі тұғырына қону үшін Үкімет қазақша сөйлеп, Парламент қазақ тілінде заң шығаруы тиіс дегенді айтудай-ақ, айтып келеміз. Әзірге Үкімет басшысының өзі қазақша құттықтауға, орысша жауап қатқан қазіргідей жағдайда ол күннің орнауы алыс сияқты.

Ка Мырза

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1461
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1309
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1063
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1115