Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2488 0 пікір 4 Сәуір, 2012 сағат 07:24

Семейде алаяқтар түрмеде отырып-ақ жүзге тарта адамды сан соқтырған

Түрмеде отырып-ақ миллиондап ақша тапқан! Семейде темір тордың ар жағында жазасын өтеп жүрген қылмыскерлер 100-ге жуық адамды телефон арқылы сан соқтырып, аз уақыт ішінде 3 млн теңге пайда көріпті.
Ұялы телефонмен адамдарды арбап жүрген 12 алаяқтың алтауы Тараз, үшеуі Ақмола облысы, тағы үшеуі осы Семейде ауыр қылмыс жасап, жазаларын өтеп жүргендер екен. Алаяқтар жемтік ретінде тек зейнеткерлерді таңдапты. Қалғаны үйреншікті сценарий бойынша өрбіген. Біреуі аңғал қарияға қоңырау шалып, туысының заңға қайшы әрекет жасап, абақтыға түсіп қалғанын жеткізіпті. Істі жылы жабу үшін қомақты қаржы талап етеді. Суыт хабардан есеңгіреп қалған жәбірленушілер қолда бар ақшасын еш ойланбастан делдалға ұстата салып отырған. Кейбірі тіпті 300 мың теңгесінен айрылып қалыпты. Енді түрмедегі алаяқтардың мерзіміне тағы 5 жыл қосылуы мүмкін.
kaz.gazeta.kz

0 пікір