Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2863 0 пікір 3 Сәуір, 2012 сағат 10:38

Ішкі Әскерге ескі техника сатып алып, қыруар қаржыны бас пайдасына жаратқан басшылар істі болды

Ішкі Істер министрлігіне қарасты Ішкі Әскердің мемлекеттік сатып алу басқармасы былыққа белшесінен батқан. Аталмыш әскери ведоствоның басшысы қазынаның қыруар қаржысын бас пайдасына жаратты деп айыпталуда.

Атап айтқанда лауазымды тұлға өзара ым-жымы бір жеке серіктестіктердің бірімен сыбайласып Ішкі әскерді сапасыз қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіп келген. Тексере келе басын қауіп қатерге тігіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген сарбаздардың оқ өтпейтін кеудешесі,  қалқаны мен резеңке тоқпағы Ресейден сатылып алынғаны анықталды. Тіпті сапасыз екені былай тұрсын, бұрын қолданылғаны белгілі болып отыр.

Мұрат Жұманбай, ҚР ЭҚСЖҚК агенттігінің ресми өкілі:

- Ішкі Әскер комитетінің мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы Олег Зайкоға және осы Комитеттің әскери қызмет басқармасының бастығы Юрий Грибке қатысты 45,5 млн теңгеге Күзеттің техникалық құралдарының кешендеріне қосымша бөлшектерін мемлекеттік сатып алу кезінде билігін теріс пайдаланғаны үшін дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ішкі Әскердегі былық бұл ғана емес. Аталмыш ведомство Ресейден 6 брономобиль сатып алып, бағасын келісілген сомадан екі есе артық көрсеткен. Тіпті шұғыл әрекет ететін арнайы жасаққа алынған көліктің  жарамсыз екендігі де белгілі болды. Бұған қарамастан техника былтыр Конституция күніне арналған әскери шеру кезінде, көпке үлкен мақтанышпен  көрсетілген.

kaz.gazeta.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1426
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1267
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1028
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1081