Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2871 0 пікір 3 Сәуір, 2012 сағат 10:34

Қытайда шыңырау шатқал арқылы әлемдегі ең ұзын көпір ашылды

Орталық Қытайда салынған  әлемдегі ең ұзын, терең шатқал арқылы өтетін көпірде қозғалыс басталды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Жергілікті баспасөздің хабарлауынша, «Айчжай» аспалы көпірінің ұзындығы 1176 метр. Әзірше бұған әлемде тең келетін көрсеткіш жоқ. Шыңыраудың үстінде 355 метр биіктікте салынған ол Дэхан шатқалының екі жағындағы екі тоннельді жалғастырды.

Хунань провинциясынң тауларындағы күрделі құрастырма көпір құрылысы 2007 жылдан бастап қытайлық технологиямен салына бастаған болатын. Суперкөпір үстінде екі жаққа қос жолақты қозғалыс жолы бар. Ең жоғары жылдамдық сағатына 80 шақырымды құрайды. Бірегей инфрақұрылымдық нысан Чанша мен Чунцин қалаларын жалғастыратын күрежолдың маңызды буынына айналды.

ҚазАқпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1434
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1273
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1032
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1088