Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Арылу 3642 6 пікір 12 Наурыз, 2021 сағат 11:21

Октябрьдың аты өшіп, Әлихан ауданы болуы керек!

Қарағанды қаласындағы Октябрь ауданын ұлт көсемі, Алаш арысы Әлихан Бөкейханның атына ауыстыру жайлы ақпарат бір ай бұрын пайда болды.

Жергілікті әкімдік мұндай ұсыныстың күн тәртібінде тұрғанын жоққа шығарған емес. Алайда аудан атауына қатысты халықтық тыңдалым қашан өтетіні ұзақ уақыт бойы белгісіз болып келді.

«Аудан атауын өзгертуге қатысты халықтық тыңдалым 12-наурызда өтетіні белгілі болды», - дейді Ratel.kz сайты. Халықтық тыңдалым кешкі сағат 17:00-ге белгіленген. Тыңдалым эпидемиялық жағдайға байланысты, халықтың бір жерде көп шоғырланбауын ескере отырып бірнеше жерде өтеді.

Егер аудан атауы ауысса, онда әкімдік құжаттарды 1 мамырға дейін реттеп үлгеруі тиіс. Қазақстанда 1 мамырдан бастап 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі ауыл, аудан, көше аттарын ауыстыруға тыйым салатын мораторий күшіне енеді.

Тақырыпқа тұздық:

Қарағанды облысында Октябрь деген аудан бар. Қарағандының құрамындағы әкімшілік-аумақтық бөлік деп саналады. Халық саны 250 мыңға жуықтайды (2018 жылғы есеп бойынша). Ресми тілі – қазақ тілі. Аудан 1938 жылы құрылған. 1961 жылға дейін Сталин ауданы деп аталып келген.

Октябрь ауданы Қарағанды облысындағы ірі аудандардың бірі. Оған Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның есімін беру туралы сөз айтылып келе жатқанына да он жылға жуықтады. Жергілікті халық, қоғам белсенділері, зиялы қауым өкілдері т.б. бұл мәселені жыл сайын облыстық және республикалық деңгейде көтергенімен, «Октябрь» деген қанды ауыз қызыл өкімет тұсында таңылған советтік атау Тәуелсіз Қазақстанның отыз жылында өзгерген жоқ! Оны өзгертуге бастамашыл топтар мен оларды қолдаған жергілікті халықтың ғана ниеті болмаса, биліктілер тарапынан кейде құрғақ уәде, кейде қызыл сөз, кейді тіпті, мардымды жауап та болмай келген еді. Әр жолы халық талап қойған сайын, облыс басшылары да бұл мәселені жылы жауып келген еді. Солардың бірсыпыра мысалын өткен жолы жаздық:

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1406
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1239
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 996
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1067