Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2576 0 пікір 3 Сәуір, 2012 сағат 09:18

«ЖАҢАӨЗЕН ІСІ»: АЙЫПТАУШЫЛАР МЕН АЙЫПТАЛУШЫЛАР АРАСЫНДА ТЕПЕ-ТЕҢДІК ЖОҚ

Ақтаудағы сот процесіне қатысушы Халықаралық «Жаңаөзен-2011» комитеті мүшелерінің хабарлауынша, соттың бесінші күні (2-сәуір) судья Аралбай Нағашыбаевтың Жаңаөзен қырғыны кезінде жарақаттар алған Өтебеков, Ерғазиев, Әспентаев, Мұқанбетов және басқа сотталушылардың (барлығы 10 адам) «денсаулық жағдайлары стационарлық емдеуді қажет етпейді» деген облыстық аурухана дәрігерлерінің қорытындысын оқудан басталған. «Сотталушы Дүйсенбаевтың бүйрегі ауырады» деген адвокат ескертпесіне судья: «Оны СИЗО ішінде емдейді», - деп жауап берген.

Одан соң адвокат Жуаспаева мынадай талаптар қойған:

1. Сотталушылардың барлығына тең жағдай жасап, залда бөлек отырған сотталушы Т.Қалиевті соттың мәжіліс залының күзетілетін бөлігінде отырғандармен бірге орналастыру.

2. Судьяның сотталушы Т.Қалиевті өзге сотталушылардан бөлек отырғызу жөнінде сот отырысының бірінші күні төрағалық етуші оқыған шешімді жария ету.

3. Төрағалық етушінің түсірілімдердің кедергісіз берілетіндігі жөнінде сендіруіне қарамастан, мұны жасаудан бас тартқан сот хатшысына сот отырысы жазбаларын беру жөнінде нұсқау жасау.

4. Сот отырыстарының хаттамаларын бөлек-бөлек жасап, оларды апта аяғында адвокаттарға беріп отыру.

5. Адвокаттарға прокурорлармен бірдей жағдай қамтамасыз етіп, барлығына залдың кызмет есігін пайдалану мүмкіндігін беру. Сұрақтарға жауап берген кезде прокурорларды өздерін таныстырып отыруға міндеттеу.

Прокурорлар Т.Қалиевке қатысты талаппен келіспесе де, оның өзі және басқа сотталушылар бір ауыздан келіскендіктен, сот процесінің екінші күнінен бастап қойылған бұл талапқа қарсы еш уәжі қалмаған судья оны қанағаттандыруға мәжбүр болып, Қалиевті өзге сотталушылармен бірге отырғызу жөнінде шешім қабылдаған. Және адвокаттардың сот отырысы жазбаларымен кедергісіз таныса алатындығы жөнінде сендірген. Прокурорлар қызмет есігін пайдалану себебін оның өздеріне бекітілген бөлме жаққа шығатындығымен түсіндіріп, дәретхана жанындағы адвокаттар бөлмесімен ауысуға дайын екендіктерін білдірген (бұл әңгіменің немен тынғаны әзір белгісіз).

Одан соң жәбірленушілерді сұрау барысында 41 адамның 30-ы өз талаптарынан бас тартып, сот процесінің алғашқы күні басталған оң үрдіс өз жалғасын тапқан. Екеуі талаптарын қараусыз қалдыруды өтінген. Және де жәбірленушілердің барлығы, соның ішінде талаптарынан бас тартпағандарының өзі, дүние-мүліктерін нақты кімдердің тонап, өртеп, қиратқанын көрмегендіктен, сотталушыларды айыптамайтындықтарын мәлімдеген.

Ең таңқаларлығы - полицей Нұрқуатов Нұрбектің өз талабынан бас тартуы болған! 16-желтоқсан күні алаңда жеңіл дене жарақатын алған оның айтуынша, ол Ақтаудан Жаңаөзенге 14-желтоқсанда арнайы «күшейту» мақсатында жіберілген 80 полицей құрамында келген (бұл жағдайды биліктің алдын-ала қақтығыстар жоспарлағандығын растайтын факт ретінде қарастыруға әбден болады). Нұрқуатов 37 сотталушының ешқайсысын бұрын көрмегендігін, алаңда қару немесе жарылғыш шөлмек ұстаған адамдарды да көрмегендігін, 15-желтоқсан күні өзі күзеткен киіз үй жанынан ешқандай у-шу, төтенше қимыл-әрекет байқамағандығын айтқан.

Сондай-ақ, тағы бір күтпеген жағдай - сотталушылар арасында «ешқайда кетпеу» жөнінде қолхатпен жүрген Сарыбаев Мэлс есімді «Қалқан-секьюрити» күзет фирмасының қызметкері бар болып шыққандығы. Оқиға кезінде жеңіл дене жарақатын алған фирма басшысы, жәбірленуші Тұрсынов Сарыбаевқа оң мінездеме берген, сондықтан оның не себептен осы іс бойынша сотталушы болғандығы түсініксіз жағдайда қалған. Болжам - полиция, сірә, қолдарына кімдер түссе, соларды тұтқындай берген болса керек.

Жәбірленуші Атшыбаева Ақтоты (киіз үй иесі әйелдің қызы) Жаңаөзен қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы Қожаев Мұхтардың 15-желтоқсан күні қала әкімдігінің акт залында қала әкімі Сарбөпеевпен қатар отырып, өзіне киіз үйдің бүлінбейтіндігі жөнінде ауызша кепілдік бергендігін, бірақ 16-желтоқсандағы өрттен кейін осыны есіне салған кезде оған құлақ аспай: «Кейін сөйлесеміз», - деп қашқақтағанын айтқан.

Назар аударарлық бір келеңсіз жағдай - сот процесінің бес күні бойы прокурорлар жәбірленушілерге: «Егер сендер талаптарыңнан бас тартсаңдар, ешкім сендердің шығындарыңды өтемейді», - деп, қысым көрсетуде, ал, осыған орай адвокаттар қарсы пікір айта бастаса болды, прокурорлар мен судья олардың өйтуге... «құқығы жоқтығын» (?!) айтып, тосқауыл қоятын көрінеді. Судья жәбірленушілерге олардың құқықтарын өзі түсіндіріп (бірақ мұны сыртта отырған жәбірленушілер естімеген), әркімнің өз талабынан не бас тартуға, не оны қараусыз қалдыруға болатындығын мәлімдеген. Бірақ, киіз үйлер иелеріне кепіл-хаттар бергендігі үшін әкім Сарбөпеевті, немесе, кәсіпкерлерге қатысты өз міндеттерін орындамағандығы үшін күзет фирмаларын, өрт сөндірушілерді сотқа беруге жәбірленушілердің құқықты екендігін айтуға тиіс болса да айтпай, бүгіп қалған. Ал мұны, бейнелей айтқанда, «қарға қарғаның көзін шұқымайды» дейтін халық даналығын толық растайтын жағымсыз құбылыс ретінде бағаламасқа еш лаж жоқ.

Аталмыш фактілерден анық байқауға болатын ақиқат - айыптаушылар мен айыпталушылар арасында заң бойынша міндетті түрде және қатаң сақталуға тиіс тепе-теңдік принципінің өрескел бұзылып, бұл теңсіздіктің үнемі биліктің пайдасына «қызмет етіп» жатқандығы. Және бұл жағдайдың дұрыс жағына қарай өзгеретіндігіне, әлбетте, ешқандай кепілдік жоқ. Өкінішке орай...

Жасарал Қуанышәлин,

Халықаралық «Жаңаөзен-2011» комитетінің

ақпараттық топ жетекшісі.

Алматы қаласы,

2012 жылдың 2-сәуірі.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1467
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1327
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1075
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1125