Сенбі, 24 Сәуір 2021
46 - сөз 6220 11 пікір 9 Наурыз, 2021 сағат 12:47

Мектеп директорының ұстаздарға жазған хаты

Соғыстан кейінгі жылдардың бірінде бір мектеп директоры төмендегі хатты  жазып, жұмысқа қабылданған әр мұғалімге өз қолымен тапсырып отырған екен. Бұл хат жазылған уақыт пен  бүгінгі күннің арасы алшақ болса да хатта көтерілген мәселе ешқашан ескірмейтіні анық.


ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗ!

Мен қорқынышты концлагерьде тұтқын болып, ешкім көрмеуі тиіс нәрсені көрдім және оған шыдадым.

Ол жерде мен білімді ғалымдар мен инженерлердің адамдарды өлтіру үшін газ плитасын жоспарлап, салып жатқанын көрдім.

Ол жерде дәрігерлердің балаларды ауру-сау деп сұрыптап, сол газ пешке салып жатқанын көрдім.

Ол жерде медбикелердің жаңа туған сәбилердің қалай өлтірілетінін бақылап отырғанын көрдім.

Ол жерде жерде университет бітіріп жұмыс істеп жүрген білімді қанішерлердің әйелдер мен балаларды атып, өртеп жатқанын көрдім.

Сондықтан мен сол кезден бастап адамдарға білім деңгейіне қарап сенуден, біліміне қарап бағалаудан бас тарттым.

Мен сізден жалынып өтінемін. Сізден оқушыларыңыздың адам болып қалыптасуына көмектесуіңізді қайта-қайта жалынып өтінемін.

Сіздің күш-жігеріңіз ешқашан құбыжықтардың, білімді аңдардың, параноидтық мамандардың, ант беріп, діннен безгендердің, параноидтық дәрігерлердің, медбикелердің және білімді ауытқушылардың пайда болуына жол бермеуге тиіс.

Сіздің үйрететін оқу, жазу және математика сабақтары тек мағыналы, мәнді және пайдалы болып, оқушыларыңызды адамгершілікке тәрбиелеуге ғана көмектессе екен деп шын жүректен тілеймін.

Жасыратыны жоқ, қазіргі заман, сондай-ақ біздің қоғамымыз жоғары технологиялардың дамуы арқылы материалдық заттарды бағалап, адамгершілікке немқұрайлы қарап, бала тәрбиесіне онша мән бермеуде.

Ең болмағанда, балалар мектепке барар жолында дірілдеп, тоңып тұрған кішкентай күшікті көріп, сипап болса да аяушылық білдіруді білмейтін бос  қуысқа толы, аса суық қоғамда өмір сүріп жатқанымыз өте өкінішті...

Ендеше біз-ересектер, ең жаман зұлымдықты хайуанға теңейтін болсақ та, хайуандар да бір-бірін жақсы көре алатынын біле тұрып, адамға жетіспей жатқан сол махаббат деп аталатын ұлы ұғымды балаларымыздың бойына сіңіруге тырысатын кезіміз дәл осы уақыт  екенін түсіне білейікші....

Амантай Тойшыбайұлы

Abai.kz

11 пікір