Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
5755 4 пікір 3 Наурыз, 2021 сағат 11:18

АҚШ пен Еуропаның соққысы: Ресей санкция астында қалды

Еуропа елдері мен АҚШ Ресейге Алексей Навальный ісіне қатысты санкциялар салуды бастады. Еуропа елдері төрт ресейлік азаматқа санкция салса, АҚШ жеті ресейлік азамат пен 14 ұйымды қыспаққа алды. 

Еуропа тарапынан санкциялар  тергеу комитетінің басшысы  Александр Бастыркинға, Ресей гвардиясының қолбасшысы Виктор Золотовқа, жазаларды орындау федералдық қызметінің жетекшісі және прокурор  Александр Калашников пен Игорь Красновқа салынды. Олардың барлығына Еуропаға кіруге және Батыс елдерінің банктерінде қаржылық салымдар салуға, сақтауға тыйым салынған. Бұл адам құқығын таптау бойынша жазалау механизмі негізінде енгізіліп отырған алғашқы санкциялар. Бұған дейін адам құқығы негізіндегі санкциялар жалпылама санкцияларға еніп, бірге салынатын еді.

АҚШ-тың санкциялары ресейлік азаматтар мен ұйымдарға салынды. Сонымен қатар АҚШ Ресейге қорғаныс саласындағы жоғары технологияларды беруге тыйым салып, Ресейді АҚШ үкіметі және қаржылық ұйымдары тарапынан несие берілмейтін елдер қатарына қосты. Навальный ісі бойынша санкциялар жалғасын табуы мүмкін. Сарапшылар Ресейдің хакерлік шабуылдарға қатысы бары дәлелденгендіктен, алдағы апталарда тағы да санкциялар салынады деп болжауда.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 77
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 32