Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жөн-ақ 4616 5 пікір 2 Наурыз, 2021 сағат 13:52

Жапаров Ресейден соң бізге келді

Бүгін Қырғызстан президенті Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді. Нұр-Сұлтан әуежайында Қырғыз басшысын ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов күтіп алды.

Қырғыз президенті баспасөз өкілдерінің айтуынша, сапар аясында Садыр Жапаров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен екіжақты келіссөздер жүргізеді. Сонымен қатар, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ, өзара іс-қимылдың одан әрі дамуын талқылайды.

Одан бөлек, Қырғызстан президенті экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевпен, Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулинмен, Премьер-министр Асқар Маминмен және Қазақстанның іскер топтарының өкілдерімен кездесулер өткізеді.

Жапаров делегациясының құрамы мынадай:

- Қырғызстанның сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев;

- Вице-премьер-министр, экономика және қаржы министрі Улукбек Кармышаков;

- Президент аппаратының сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Дастан Дюшекеев;

- Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Жээнбек Кулубаев;

- Қорғаныс министрі Таалайбек Өмірәлиев;

- Ауыл, су шаруашылығы және өңірлерді дамыту министрі Асқарбек Жәнібеков;

- Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Қайрат Иманалиев;

- Көлік, сәулет, құрылыс және коммуникация министрі Гүлмира Әбдіралиева;

- Білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев;

- Энергетика және өнеркәсіп министрі Кубанычбек Турдубаев;

- Инвестицияларды ілгерілету және қорғау жөніндегі мемлекеттік агенттіктің директоры Алмамбет Шықмаматов;

- Экологиялық және техникалық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекцияның директоры Мырзабек Жапарқұлов.

Айта кетейік, 11 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты сайлаудағы жеңісімен құттықтап, телефон арқылы сөйлескен. Сол сөйлесуде Тоқаевтың Жапаровты Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырғанын Ақорда сайты жазған. Содан кейін-ақ, БАҚ-та Жапаровтың президент ретінде алғашқы сапарын Қазақстаннан бастайтыны айтылған.

Алайда, кейін Қырғыз президентінің баспасөз өкілдері Жапаровтың Ресей президенті В.Путинмен кездесуге дайындалып жатқанын мәлімдеді. Ал, 24 ақпан күні Жапаров Мәсукеуге барды. Сөйтіп, ол алғашқы шет елдік сапарын Путинмен кездесуден бастаған болатын.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1404
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1235
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 992
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1066