Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 32327 0 пікір 2 Шілде, 2009 сағат 19:05

Есенгүл Кәпқызы. ДIНДЕР СЪЕЗI – АЙМАҚТАҒЫ МӘСЕЛЕНIҢ ШЕШIЛУIНЕ ҰЙЫТҚЫ БОЛА АЛА МА?

Шiлденiң 1-2-сi күндерi Астанада әлемдiк дәстүрлi дiн өкiлдерi жиналып, маңызы мол саяси және дiни мәселелердi талқылауда. Халықаралық маңызы ерек бұл жиын Астана төрiнде осымен үшiншi рет бас қосып отыр.
Дiндер съезi алғаш Қазақстанда 2003 жылы ашылған. Оған кезiнде үн қатып, қолдау бiлдiргендер қатарында, сол кездегi БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннан, үлкен Джордж Буш, Маргарет Тэтчер сынды қайраткерлер болған. Ал, 2006 жылғы екiншi бас қосуға Малайзияның экс-премьер министрi Мохатхир Мұхамед, Иранның экс-президентi Мохамед Хаттами, ЮНЕСКО басшысы Койчиро Мацуура, Сауд Арабиясының Әдiлет министрi Абдалла бен Мұхамед Бен Ибраһим әл аш Шейх сынды саясаткерлер iлтипат бiлдiрген.
Бүгiнгi құрылтайға жиыны - 80-ге жуық делегат келген. Съездiң алғашқы күнiнде өзек болған тақырып - “Әлемдiк дiн басыларының толеранттық негiзiнде әлемдi құрудағы және өзара қарым-қатынас пен құрмет көрсетудегi рөлi” атты пленарлы сессия болып өттi. Екiншi күнi съезд жұмысы үш секция аясында өз жұмысын жалғастырды. Олар: “Моральдық және рухани құндылықтар, әлемдiк этика”, “Диалог және қарым-қатынас”, “Дағдарыс кезiндегi ынтымақтастық”.

Әлемде дiнаралық қақтығыстардың салдары адам айтса нанғысыз өкiнiштерге бастап отырғаны рас. Бұл ретте көп этнос өкiлдерi тұратын, көп конфессиялы Қазақстанда дiни бiрауыздылықтың маңызы ерек. Қазақстан қоғамын әлемдiк саясаткерлер бiршама толерантты қоғам ретiнде бағалайды және сол үшiн құрметтейдi. Өткен ғасырдың соңындағы саяси өзгерiстердiң салдарынан Еуразия аймағында тыныштықтың қаймағына тас түскенi белгiлi. Бiр мемлекеттерде дiни алауыздықтың соңы соғыс өртiн тұтатса, екiншi бiр мемлекеттерде территориялық тұтастық мәселесi – қан төгiске апарғаны мәлiм. Таяу Шығыстағы әлi күнге дейiн түйiнi шешiлмеген Израиль мен Палестина мәселесi, соңғы ширек ғасыр бойына өртке оранған Ауғанстан мен Пәкiстан мемлекеттерiнiң өзара қақтығысы бүгiнде әлемдi алаңдатып отыр.
Осы ретте Қазақстан тыныштықты сақтап отырғандығы үшiн бүкiл әлем алдында мақтана алады. Елiмiзде қазiр 50-ге жуық дiни конфессиялар тiркелген. Дегенмен, Православие және Мұсылман дiндерiнiң басты мейрамына мемлекеттiк мейрам ретiнде дәреже беруi арқылы елiмiздегi басты дiн ретiнде осы екеуi танылатындығын танытты.
Статистикаға жүгiнер болсақ, дiндер съезiнiң алғашқысына 17, екiншiсiне 29 делегат келiптi. “Бұл жолғы делегаттардың санының өсуi де форумның маңызының арта түскенiн көрсетедi” дейдi Елбасы.
— Бұл динамика бiздiң форумның беделiнiң арта түскендiгiн көрсетедi. Бұл бiздiң өзара түсiнiстiк жолында екендiгiмiздi, қазiргi заман тудырған күрделi мәселелерге бiрге жауап iздеуiмiз қажеттiгiн танытады, — деген Елбасы “Казахстанская правда” газетiнде жарияланған сөзiнде.
Әрине, съезд өзге емес осы аймақтағы күрделi мәселелердiң шешiмiн табуға талпынып отырғандығы мәлiм. Ендеше, бүгiнгi дiн басыларының басқосуының басты миссиясы не болуы тиiс? Әрине, аймақта тыныштық орнату үшiн алғашқы қадамдардың жасалуына жол ашу. 2003 жылы алғаш шақырылған күнiнен бастап, алдына осындай мақсат қойған бұл жиын дiттеген мұратына жете алды ма? Мәселе — осында. Өзара алауыз дiни конфессиялар өкiлдерi бiр үстелдiң басында бас қосты ма? Астанада өткен Дiндер съезi хатшылығының VIII отырысында Пәкiстандағы Халықаралық ислам университетiнiң шариғат жөнiндегi департаментiнiң төрағасы Мұхамед Зия-Уль-Хак жиынның маңызды екенiн айта отырып, құрылтай тек ұсыныстармен шектелмеуiн, нақты шаралардың қабылдануы керектiгiне баса назар аударды.
Cъезд барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы қабылдауында болған құрметтi қонақтар аталған шараның аса маңызды екендiгiн атап өттi. Бүкiләлемдiк ислам лигасының бас хатшысы Абдалла Бен Абдель Мухсин ат-Турки Сауд Арабиясының королi Абдалланың сәлемiн жолдай отырып:
— Бiз Сауд Арабиясында және Бүкiләлемдiк ислам лигасында сiздiң екi жақты қарым-қатынасты дамыту мақсатында тер төгiп жүргенiңiздi жоғары бағалаймыз. Бiз де екiжақты қарым-қатынастың дамуына мүдделiмiз. Келесi жылы Қазақстанда Бүкiләлемдiк ислам лигасының аймақтық өкiлдiгiн ашуды жоспарлап отырмыз, — дедi.
Бүкiләлемдiк дiн бейбiтшiлiк үшiн конференциясының бас хатшысы Уильям Вендли кездесу барысында ядролық қаруды таратпау жөнiнде әңгiме болғандығын айтты.
— Бұл мәселеде ядролық қарудан өз еркiмен бас тартуы арқылы Қазақстан Орталық Азияда көш бастап тұр, — дедi Вендли.
Бүкiләлемдiк лютеран федерациясының бас хатшысы Ишмаель Ноко бұл форумның ұлтаралық келiсiмдердi нығайтуға тигiзетiн септiгi зор екенiн сөз етсе, Түркияның түркiтiлдi мемлекеттермен қарым-қатынас жөнiндегi мемлекеттiк министрi Фарук Челик Түркияның премьер-министрi Режеп Ердоғанның жеке сәлемiн ала келгендiгiн жеткiздi:
— Әңгiме барысында Қазақстан президентiмен бiз қазақ-түрiк қарым-қатынасының қазiргi жай-күйiн талқыладық. Әрi қарай екi ел арасындағы қарым-қатынасты дамыту және өрiстету мәселесi сөз болды, — дедi Челик.
Әрине, бiр-бiрiмен қайшылығы мол дiн өкiлдерiн бiр үстелдiң басына жинаудың оңай шаруа емес екендiгi белгiлi. Биылғы дiндер съезiндегi басты жаңалық — Израиль президентi Шимон Перестiң арнайы келуi. Бiрақ, бұл Иран делегациясының шамына тиген көрiнедi. Шимон Перес фанатиктерге қарсы күш бiрiктiру қажеттiгiн сөз еткенi сол едi, бұл ирандық делегацияның көңiлiне келiп қалғаны соншалық, олар бұл сөздi өз адресiне айтылды деп түсiнiп, мәжiлiс залын тастап шықты. Олар мұнда саясаткерлердi емес, рухани көсемдердi тыңдау үшiн жиналғанын айтты. Дегенмен, Иран делегациясы залға қайта оралды. Бұның өзi үлкен жетiстiк дейдi сарапшылар.
Қалай дегенмен де, әлемдiк дiн өкiлдерiнiң басшыларын бiр үстелге отырғызу арқылы — Қазақстан iшiнде қыжылы бар талайлардың проблемасын шешуге талпынып отырғаны белгiлi. Бұл игiлiктi шараны әлемдiк қауымдастықтың жоғары бағалап отырғаны да содан. Жақсы ниеттiң — жарым ырыс екенi айқын. Демек, дiндер съезiнiң алға қойған мақсаты да дiттеген межесiне жақын.

Есенгүл Кәпқызы
«Түркістан» газеті» 2 шілде 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2101
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2514
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2198
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1623