Жұма, 26 Сәуір 2024
3685 3 пікір 24 Ақпан, 2021 сағат 15:07

Жапаров алғашқы сапарын Ресейге жасады

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров алғашқы шетелдік сапарын Ресейден бастамақ. Сол үшін де ол бүгін Ресейге ұшып кетті. Бұл утралы қырғыздың 24.kg сайты хабарлады.

Қырғыз президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша бұл сапар барысында Жапаров пен Путиннің екіжақты кездесуі, Үкімет басшылары мен Парламент төрағаларының кездесулері жоспарланған. Екі ел арасындағы қарым-қатынастар жайын талқылайды деп жоспарланған. Сондай-ақ, екі елдің бизнес қауымдастығының де кездесулері жоспарланған.

Айта кетейік, осыған дейін Қырғызстан Президенті өзінің алғашқы шетелдік сапарын Қазақстаннан бастайтыны БАҚ-та жарияланды. Кейін Жапаровтың баспасөз қызметі бұл ақпаратты терістеп, Қырғыз лидерінің алғашқы шетелдік жұмыс сапары Ресейге жасалады деп жоспарланғанын айтты.

Abai.kz

3 пікір