Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3629 0 пікір 26 Наурыз, 2012 сағат 07:12

Серік Ерғали. Жаңа жыл: Улитка ма, Айдаһар ма?

 

 

Қазақ жаңа жылына қатысты шешілмей жүрген тағы бір күрделі мәселе бар, ол Улу (улитка) жылына байланысты жайт.Бұл үшін мынаның басын ашқан жөн: он екі жылдың киесі болып жүрген айуандар мен жәндіктер дейтүркілік үш әлемге тиісті танымнан бастау алады. Жылан - төменгі әлемнің «өкілі», бұл «Ертөстіктегі» Жылан бапы бейнесі түрінде белгілі. Ұлудан басқа қалған айуандар мен жануарлар ортаңғы жербетілік әлемнің «өкілдері». Ал Ұлу - жоғарғы әлемге - әруақтар мен Жаратушы дүниесіне қатысты рухтың бейнесі болып табылуы тиіс еді. Бұған көз жеткізу үшін ұлутану мәселесін қарастыруға мәжбүрміз.

 

 

Қазақ жаңа жылына қатысты шешілмей жүрген тағы бір күрделі мәселе бар, ол Улу (улитка) жылына байланысты жайт.Бұл үшін мынаның басын ашқан жөн: он екі жылдың киесі болып жүрген айуандар мен жәндіктер дейтүркілік үш әлемге тиісті танымнан бастау алады. Жылан - төменгі әлемнің «өкілі», бұл «Ертөстіктегі» Жылан бапы бейнесі түрінде белгілі. Ұлудан басқа қалған айуандар мен жануарлар ортаңғы жербетілік әлемнің «өкілдері». Ал Ұлу - жоғарғы әлемге - әруақтар мен Жаратушы дүниесіне қатысты рухтың бейнесі болып табылуы тиіс еді. Бұған көз жеткізу үшін ұлутану мәселесін қарастыруға мәжбүрміз.

«Ұлу» бейнесін індету барысында қазақ, түркі танымына қатысты  теңіздік «улитканың» ешбір қадыр тұтарлық болмаса жылкиеге айналарлық тарихын да, дәйегін де кездестірмедік. Оның есесіне жылантекті айдаһарға қатысты қат-қабат рухани қазынаға жолықтық.  Төменде қарастыратын жайттар, айдаһарға қырын қарайтын арап-парсылық идеологияның, үнді-еуропалық саясат пен қайшы танымның салдарынан қалыптасқан қазақтың «антиайдаһарлық» санасының қыйсынсыздығын аша түседі. Бұл жайтты айдаһар турасында тәптіштеген [2], қазақтың ХХ ғасырдағы ғажайып мифологы Серікбол Қондыбай: ««Зұлымдық» мәселесі - араб-парсы санасының о бастан жыланға, жылан текті мифтік тұрпаттарға қарсы болуы, сондықтан парсылардың зороастризмі де, кейінгі исламы да жыланды жағымсыз сипатпен берді, парсының ертегілік фольклоры мен жазба әдебиетінде де жылан - зұлымдықтың символы болып қалыптасты да, парсы әдебиетінің, тілінің Орта Азия мен далалық көшпелілер дүниесінде ықпал етуі заманында, олардың да, оның ішінде қазақтардың да фольклорында жылан мен айдаһарға, «ол - абсолюттік зұлымдық символы» деген көзқарас қалыптасуына себепкер болды» дейді.

Серікбол «Ила» аталатын үнді (ведалық)  мифологиясындағы «құрбандық құю мен дұға оқудың» әйел-тәңіриесін, «ас, сүт пен май түрінде берілетін садақаның тұлғалануын [2] қарастырады. Осы жерде есімізге жыланның басына ақ құйып шығарып салатын қазақтың ырымдық ғұрпы еріксіз келеді және бұл рәсім әлгі аталған садақаның жүзеге асуы екені қыйсынды. Бұған қоса «ила» сөзі кәзіргі қазақтың «жылан» сөзінің басқы нұсқасы екені байқалып тұр: (ж)ыла=ыйла + ан.

С.Қондыбай айдаһардың сыйпаттарын былай ашады [2,346б]: «Біріншісі - «айдаһардың» іс жүзінде жылан табиғалы болып суреттелуі,яғни айдаһар дегеніміз -  мифтік жыланның бір түрі.Екіншісі  - оның қанаттылығы, яғни айдаһар дегеніміз - құс. Міне, осы екі  сипаттың қосылуынан шыққан құранды бейнені біз «қанатты жылан» деп те, «жылан/айдаһар құс» деп те атаған болар едік». Бұл сыйпаттар скиф-сақтарға тән айуандық стилмен жасалған бұйымдардың біз атаған жылкиелерінің барысбасты, жылқыбасты, құсбасты т.б. түрлеріне тән.

С.Ақынжанов келтірген қыпшақ-половецтердегі шежірені шешеден тарататынын ескерсек, онда шежіренің атадан емес, нағашы әжеден басталатынын байқап, Серікболдың нағашы баба - нағашы әже - ана - ұрпақ тізбегін түзіп көрсетуі шынайы болады да, оның өзі атағандай «нағашы» ұғымының өзектілігі арта түседі. Серікболдың «нага» (наға) ұғымының үнді мифологиясындағы жылан тұрпатты, бірнеше басты жерасты патшалығының данышпан-абыздары екендігін келтіруі әрі «нағашының» наға+ажы (ажа, әже) тіркесінен туындау мүмкіндігін меңзеуі [2,36б] әрі ғажайып дәйек, әрі бұлтартпас ғылыми жаңалық. Әрине, бұл тезисті нықтай түсетін деректерді келтіре беруге болады. Соның бірі: үнділердегі қауға бас жыланның «кобра» аталуы мен әйел шашының босатылғандағы қазақша «қобырау» («қопырау») етістігімен берілуі. Қазақтың бұл етістігі мен үнділік «кобра» зат есімінің туындау жасы мен әлгі нага, нағашы лексемаларының түпкі семантикалық мәндері «замандас» болуы әбден мүмкін. Серікбол,одан ары «наға» түбірінің этнонимдік «найман», «Нағанай» (қоңырат тайпасының түп анасы) атауларын қалыптасуға қатысқанына сенімді.

Құмық фольк-хисториші Мұрат Аджи [5,І тарау, «Полуостров Индостан и его обитатели»] ежелгі Эфиопиядағы амхар (амар) халқын ертедегі үндістандық нағалар секілді ел өмірін күрт өзгерткен билеушілер болғанын айта келіп, ежелгі амхар тіліндегі қасиетті жазбаларда сақталған патша атауы «нағашы» түрінде айтылғанын жазады. Олар жылан не айдаһарды кие тұтқанын келтіріпті. Одан әрі Мұрат ағамыз «Если же вспомнить, что, согласно греческим преданиям, обретение алфавита связано у греков с чужеземным царем, женатым на дочери дракона...» дегенді келтіреді. Аталған айдаһаршылдық сана қазақ халқының рухани құндылығының қалыптасу барысында өз жалғасын тапты [5]:

Бағанағы он сегіз жасар жас бала

Айдаһар бөрік басында

Қара арғымақ астында

Екі қолында егіз оқ...

 

Мұндағы айдаһар бөрік ежелгі Мысырдағыдай биліктің де белгісі болуы мүмкін және де киелік рухты пір тұту нышаны да болуы керек.

Қазақ жырында айдаһар бейнесінің пірлік кейпі сақталып қалған, «Қырымның қырық батыр» жыйдасына кіретін «Парпария», «Орақ-Мамай» жырларында батырлардың ата-бабасы айдаһар түрінде де [2] суреттеледі:

Баба түкті пірлері

Айдаһар болып көрінді...

Сайып келгенде, мұндай рухани-мәдени дәйектерді айдаһар пайдасына келтіре беруге болады, тіпті, кісе белбеудің өзі белді орап жатқан айдаһардың тұрпаты екені айқын.

Ал, қазақ жырларында айтылатын емшектерден өсіп шығып, иықтан асыра қоятын қос жыланды албасты турасындағы көрініс, ежелгі танымды ығыстырған бергі идеологияның әсерінен туындаған бейне болса да, көне мифологияның сарқыты екені рас. Тіпті, осы жайтты бейнелейтін Таңбалытастағы қашамалық «өрнектің» қазақтың қазырғы оюының этногенездік сыйпатын байқатып тұрғанын жасыру қыйын. Шамасы, біздің «қошқармүйіз» аталып жүрген оюдың арғы түбінде жылан культі сығылап тұрса керек.

Айдаһарлық тақырыптың түркілер тарихында алатын маңызды орнын белгілі мәдениеттанушы, философ Зира Наурызбаева «Изначальный ислам - тенгрианство в наследии жырау и национальная идея» мақаласында мына жайттарды атап өтеді:

· «ту (жалау) ең алғаш рет түркі-моңғолдар арасында пайда болған;

· желбіреген ту матасы (не ат құйрығы) Рухтың тұрған жері болып саналады.

Одан ары «ту» сөзінің кәзір орыс-қазақ бірдей қолданып жүрген «дух» сөзімен де астарлас екені, ал оның алғашқы тұрпаты арнайы тігіліп жел кеулейтін, айдаһар тұрпатты байрақ болғандығын О.С. Советова мен А.Н. Мухарева [9]келтірген

суреттерден көз жеткіземіз. Осыларды қорыта келіп, С.Қондыбай түркілердегі айдаһар тұрпаты байрақ күйінде жорықта қолданылса, қытайларда ол мерекелік карнавалдың нышаны күйінде сақталғанын жазады.

 

Айдаһар атауларының тегі турасында

 

Мұрат Аджи [4,І тарау, «Персидские мелодии тюркского гимна»]: «Ажи-Дахака - это иноземный царь, принявший власть на Среднем Востоке. Древний эпос рисует его в образе змея, дракона (как нага в Индии). Известно, что Ажи-Дахака вел непримиримую борьбу за веру в Бога Небесного, однако понимали его не все. Люди в большинстве оставались огнепоклонниками, Единобожие было им чуждо...» деуімен,  «аждаһа» сөзінің парсылық тегін жоққа шығарады және бұл турасында осы пайым пайдасына С.Қондыбай да өз дәйегін келтіреді.

Ал, улитканың «ұлу» аталуына келсек, ол бақсылардың айдаһар бейнесінде киінуіне байланысты киімдеріне түрлі жәндік қабыршақтары мен қауашақтарын іліп, жасануынан бастау алған. Содан келіп, Ұлу-бақсының киіміндегі егжейлерді (деталь) құраған кейбір теңіз жәндіктері де «ұлу» аталып кетсе керек. Оның үстіне арап-парсылық идеология дейтүркілік жылан-айдаһар бейнесіне барынша қайшы болатын да, оның насихатына теріс көзқараста болғандықтан, мұсылмандық жолға түскен қазақ ұлты айдаһардың жалмауыздық, жыртқыштық жағымсыз қасиеттерін әйгілеуге қатысып, соны қабылдауға душар болған. С.Қондыбай қытайша айдаһардың «лун» аталуынан бұрын, оның дейтүркілік «ұрұн, ұран» (орау, оралу семантикалық мағыналы) нұсқаларының болғандығын дәлелдейді.

Енді бір атау - «айдаһар» сөзі, әдетте мұны да парсытілді сөзге жатқызып жүрміз. Дегенмен, Қорасан атаның мына бір туына қарап отырып, сырықтың басындағы кобраның басына ұқсас добал тұсы, оның Зира Наурызбаева атаған рухтың бейнесін байқатады да, ал басына жайғасқан ай таңбалы нышан ежелгі шұбатылған айдаһардың орнында қалған із секілді. Ай орнын бекітілген ауызы ырсыйған, желге үріліп, айдаһар тұрпатына енетін жорық байрағының бір егжейі (деталі) екені байқалады. Біздің пайымдауымызша, арап-парсы идеологиясының басты нышанына ай белгісінің айналуының өзінде де түркілік таным мен таңбаның рөлі бар. Егер де адамзаттағы ту біткеннің туындысы түркілер болса, онда оны түрлендірушілер де солар болуы керек еді. Ендеше, тарихи жаңа идеологияға икемдеп, «ұлуын» сыпырып тастап, орнына ай қондыру арқылы оны «ай тағар» деу арқылы парсыланған «айдаһар» сөзі туындаған деп топшылаймыз.

Серікбол [2,373-б]: «Айдаһар - үндіеуропалықтардың емес, дей-түркілердің тотемі;  айдаһар-жылан бейнесінің скиф мифтік шежіресінде актуалды  болуын да, парфиялық (Аршак) әулетінің негізін қалаған дах (дай) тайпаларындағы жылан культінің болуын да біз дей-түркілік ортамен байланыстырамыз; егер аталған жұрттардың тарихи дәуірде «иран тілді» болып есептелуімен келіскеннің өзінде де, осы аталған жұрттардың билеуші әулетін құраған рулардың (тайпалардың) о баста дей-түркі тілінде сөйлеп, тек жаңа территорияда, бөгде жұрттарды бағындырып, мемлекет құру барысында «иранданып» кеткендігін де жоққа шығара алмаймыз» деп сенімді түрде мәлімдесе, айдаһар турасында одан да басқа ұялмайтын қазақы, түркілік дәйектер мен дәлелдер жетіп артылады. Сол себепті, биылғы 14 наурызда енген жыл - Ұлу-айдаһар жылы деп қысылмай, мойындайтын бір құндылық деген абзал.

Серік Ерғали,

Түркі академиясының

Ақпарат және Баспа бөлімінің редакторы,

Түркітанушы

 

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1615
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1516
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1264
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1232