Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2419 0 пікір 26 Наурыз, 2012 сағат 06:40

Сайын Бөлек. Ұлыс тойы ұлтты ұйыстырып келеді

 

Мен де көптің бірімін. Қазақтың баласымын. Сондықтан жұрттың бәрі өзім сияқты шығар деп ойлауға да қақым болса керек. Дегенде айтпағым  мынау: осы жолдардың авторы 22 наурыз - Ұлыстың ұлы  күні достары мен туыстарының тарапынан жан тебірентер жақсы сөз бен тілекке бөленді. Соған орай етжақындарымды елжіретіп мен де көсілдім. Бұның сыртында ұялы телефон арқылы ағылған хаттар қаншама?!! Былтырғы, бұдан арғы жылдағы Наурыз мерекесінде осыншалықты  жылы лепеске қарық болдым ба, жоқ па - есімде қалмапты. Шамасы, дәл биылғыдай болмаса керек.

 

Мен де көптің бірімін. Қазақтың баласымын. Сондықтан жұрттың бәрі өзім сияқты шығар деп ойлауға да қақым болса керек. Дегенде айтпағым  мынау: осы жолдардың авторы 22 наурыз - Ұлыстың ұлы  күні достары мен туыстарының тарапынан жан тебірентер жақсы сөз бен тілекке бөленді. Соған орай етжақындарымды елжіретіп мен де көсілдім. Бұның сыртында ұялы телефон арқылы ағылған хаттар қаншама?!! Былтырғы, бұдан арғы жылдағы Наурыз мерекесінде осыншалықты  жылы лепеске қарық болдым ба, жоқ па - есімде қалмапты. Шамасы, дәл биылғыдай болмаса керек.

Құрметті оқырман, сіз мені «наурыз көжеге тойыңқырап» қалып, соның тоғын баса алмай отырған біреу екен деген байлам жасамаңыз. Расында осы жолғы Ұлысты халық биліктің тапсыруымен, мекеме-ұйымдардың ұйымдастыруымен атап өтетін мәжбүрлі мереке емес, өзінің: отбасының, жақын-жұрағатының мерекесі ретінде атап өтті. Демек, Ұлыстың ұлы күнін атап өту  дәстүрі ел ішіне  қайта орала бастаған екен. Әйткенменде, әлі де болса, наурыздың әкімшілік сипаты сақталып отыр. Мысалы, Алматы қаласындағы  орталық алаңда әдеттегідей ақбоз үйлер тігілді. Темірқазандық пештерден түтін будақтай көтеріліп, ләпкелерден ыстық самаса мен бауырсақтың исі лап берді. Әкімшілік пен мекеме қызметкерлері ою-өрнекті киімдер киіп, азғана уақытқа қазақтың «қыз-келіншегі» немесе «батагөй шалы» мен «байыпты бәйбішесі» болып жасанып жатты. Наурыз көже де сол күнгі қымбат дәмнің бірі болып шыға келді. Қай мекеме екенін есіме сақтай қоймаппын, бір үлкен мекеме әкімшілігі әкеліп тіккен үйдің алдында наурызкөженің жүз граммы(!) 40 теңгеден сатылды. Бір литр көже ішссеңіз, пажалыста, 400 теңге (салыстыру үшін айта кетейік Алматының сыраханаларында бір литр сыра 150-200 теңге деседі). Наурыздың құнары мол дәмді көжесін аңсап келген жұрт бағасы қандай болса да таласа- тарамаса сатып алып ішеді екен, біз де сөйттік. Осындайда әкімшілік наурызды тойлаудың форматын жаңалап, қалыбын өзгертсе ғой деп ойлайды екенсің. Неге бұлай дейміз? Өйткені, жоғарыдан тапсырма берілген 1991 жылдан бастап әкімшілік өткізетін наурыздың түрі - осы: үй тігіледі, әртістер ойын көрсетеді, әкім баяндама оқып, елді құттықтаған болады. Бітті шаруа. Содан соң жау қуып келе жатқандай жанталаса қимылдап киіз үйлерді жығады да тайып тұрады. Айтпақшы, наурыз тойында ұлттың ұлттық санасы оянып кетіп пәле қылады деп ойлайтын сияқты -  әкім-қаралардың қарауыл-жасақтарды төндіріп қоятын әсіре сақтықтары да бар. Ал, бұл түбірімен қате. Біріншіден, халық жиынды жерге (алаңдарға, өзге де мерекелік шаралар өтіп жатқан орталықтарға) ағылып барса, алдымен көктем мерекесін - наурызды сағынып барады. Екіншіден, наурыз тойына жиналатын халыққа Ресейдің поп-жұлдыздарына табынатын  фанаттарға қарағандай қарау - көпті қорлау деген сөз. Фанттардың арасынан бәрі де табылады. Олардың арасында есінен танған нашақор, медитацияға өтіп миы аққан миғұла, тіпті жемтігін торауылдап шыққан қансорғышта болуы мүмкін. Сондықтан фанаттар жиналатын сарайлар мен алаңдарды мықтты бақылауға алған жөн. Ал, наурызшыл халық - ол бейбіт халық. Ол - игі тілектің халқы. Сол игі тілекті халықтың алдынан биыл иін тірескен полиция жасағы шықты. Кигендері де  мысық тырнағандай тарғыл-тарғыл, алабажақ әскери киімдер. Көзі үйренген үлкендерді қойшы, жас жеткіншек балаларға үрейлі көрінеді екен. Менің досымның кішкентайы әлгіндей алабажақтың бірі арбаңдап алдынан шыға келгенде шырқырап жылап жіберді. Бұл жайтты көрген жұрт наурыз мерекесін атап өту үшін әскери нысандардан қосымша күш сұрап, құты қашқан Алматы қаласының әкімі Есімовке қатты кейіді.

Алматыдағы әкімшілік өткізген наурыздың өзге қалаларда да бәз-баяғы күйінде аталып өткеніне күмәніміз шамалы. Бәлкім, «саяси тоңы әлі жіби қоймаған» аймақтарда наурыздың бұқаралық мазмұн иеленуін ескеріп отырған жөн шығар, бірақ Ұлыстың ұлы күнін ұлықтаудың енді ұлттық, азаматтық белсенділігін арттыру қажет.  Сондай белсенділік, дұрысын айтсақ, Ұлыс күнін жаңа жыл немесе 8 наурыз сияқты жалпыхалықтық мереке ретінде сағына күтіп, қарсы алу - халықтың рухына әбден сіңіп үлгеріпті. Біз бұны ұлттың өзін-өзі тануға деген ұмтылыс, түбегейлі бетбұрыс деп қабылдаймыз. Бұлай деуімізге себеп - бір-бірімізге айтқан ақжарма тілегіміз, қуана соққан қоңырауларымыз, жазған хаттарымыз болса керек. Бізді ешкім күштеп «бір-біріңе тілек айтыңдар, жақсылық, береке, ырыс тілеңдер, Жаратқаннан соны сұраңдар» деген жоқ қой. Ендеше, Ұлыстың ұлы күнін ұлықтау, ағайынның кеңпейілді кешірімшіл болуы, бауырмал болуы осылайша  жалғасқаны жалғасқан. Мейірлен, қазақ баласы!

P.S. Жаңа жыл қарсаңында сауда орындары әртүрлі акциялар жариялап, бұйымдардың бағасын арзандатып әлеуметке әлінше сыйлық жасауға тырысады. Наурыз мерекесінде осы уақытқа дейін бұның бірі де болған емес. Бұл - сауда-саттық билігіндегілердің безбүйректігіне немесе тұтынушыларының басым бөлігі кімдер екендігін ескеремей, соған орай ескірген менеджмент «мектебінде» жүргендерін білдірсе керек. Биыл Ұлыс күні қарсаңында азық-түліктің, соның ішінде еттің бағасы еселеніп шыға келді. Бірақ оған халық жасып-жүдей қоймады.

«Алматы», «Қазақстан», «Хабар» арнасынан өзге арналар көрермендеріне мерекелік көңіл-күй тарту етуді қаперлеріне де алған жоқ.  Мысалы, Қазақстанның қаржысымен күн көретін КТК арнасы «Музыкальный фестиваль «АЛМА-АТА - МОЯ ПЕРВАЯ ЛЮБОВЬ», «Концерт звёзд российской эстрады "ПАРАД ЗВЁЗД», т.б. «қызықты» концерттерімен дөйдалаға лағып кетті. Бірақ, көпшілік оған да пысқырған жоқ.   Бір-біріне жақсы тілегін айтты, ренжіскендер кешірісті, кетіскендер табысты. Ұлыс ұлтты ұйыстыра түсті.

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1595
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1497
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1246
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1214