Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
2919 1 пікір 15 Ақпан, 2021 сағат 15:42

Жапаров Ресейге баруға дайындалып жатыр

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ресейге сапары алдында өзін - өзі оқшаулады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі мәлімдеген.

«Садыр Нұрғожоұлы жақында болатын Ресейге сапарына дайындалып жатыр. Енді ол коронавирус пандемиясы жағдайында эпидемиологиялық қауіпсіздікті сақтау үшін өзін-өзі оқшаулауда», - деді баспасөз қызметінің өкілі.

Қырғызстан президентінің кеңсесінде көрсетілгендей, сапардың нақты күні әлі белгісіз. Ал, дипломатиялық ақпарат көзі бұған дейін сапардың 24-25 ақпанда болатынын айтқан.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлескен болатын. Тоқаев Қырғызстан Президентімен оның Қазақстанға сапары туралы талқыланған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1998
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2423
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1979
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1577