Сенбі, 27 Сәуір 2024
3682 6 пікір 12 Ақпан, 2021 сағат 13:18

Қытай ғарыш зондын Марс орбитасына шығарды

Қытай "Тяньвэнь-1" ғарыш зондын Марс орбитасына шығарды. Мамырдың соңына таман планетаға қашықтан басқарылатын марсоход қонады.

Оған дейін зонд планетаны суретке, видеоға түсіріп, аппарат қонуға ыңғайлы жер іздейді. Алдын ала мәлімет бойынша, марсоход Марстың солтүстік жартышарындағы Утопия жазығына қонуы тиіс. Марсоход планетада үш ай болады.

Жақында Марс орбитасына арабтың алғашқы "Әл Амал" ("Үміт") спутнигі шығарылды. Оны былтыр жазда Біріккен Араб Әмірліктері ұшырған. Сапар мақсаты - планета атмосферасын, климатын және жыл маусымдарының ауысуын зерттеу.

Abai.kz

6 пікір