Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2370 0 пікір 20 Наурыз, 2012 сағат 12:41

Наурыз тойында Земфира ән шырқайды

Жанды дауыс пен сапалы музыкадан тұратын өнер қашанда адал. Қанша қымбатқа түссе де, көпшілік шынайы өнерді таңдайды. «Тенгри FM» радиостансысының жарыққа шыққанына екі жыл толуына орай наурыздың 21-і күні Алматыда ресейлік рок музыканың аңызы - Земфира жеке концерт бермек. Бұл мерейтойлық шара Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне әдейі орайластырылған.

Жанды дауыс пен сапалы музыкадан тұратын өнер қашанда адал. Қанша қымбатқа түссе де, көпшілік шынайы өнерді таңдайды. «Тенгри FM» радиостансысының жарыққа шыққанына екі жыл толуына орай наурыздың 21-і күні Алматыда ресейлік рок музыканың аңызы - Земфира жеке концерт бермек. Бұл мерейтойлық шара Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне әдейі орайластырылған.

«Наурыз біз үшін қос мерекеге айналды. Бұл мейрамда туған күнімізді атап өтеміз. Осы қарсаңдағы біз ұйымдастыратын музыкалық шаралардың бәрі туған күнге арналады», - дейді радионың музыкалық редакторы Константин Головин. Былтыр «Тенгри FM»-нің бір жылдығына «Чайф» тобы келіп, концерт берген еді. Бұл шара­ның аясында тұңғыш рет рок фестивалі де өткізілді. «Тенгри биігінде» бағдарламасы өзінің бір жылдық жұмысын қорытындылап, еліміздің барлық өңіріндегі рок ұжымда­рының кеңінен танылуына мүмкіндік жаса­ған еді. Отандық рок музыкаға қолдау көрсе­тетін бағдарлама бұдан кейін бір жыл ішінде өз тыңдармандары үшін бірне­ше фестиваль ұйымдастырды. Екінші рок фестиваліне әйгілі музыкант Вячеслав Бутусов пен оның «Ю-Питер» тобы арнайы бағдарламамен хэдлайнер болды. Келесі фестивальдің құрметті қонақтары ретінде бірден үш топ шақырылды: «Танцы Минус», «КІТ-І» және «СерьГа». Өткен қараша айын­да «Би-2» тобының әлемдік турне шеңберінде Алматыға келіп, концерт беруіне де «Тенгри FM» ұйытқы болған еді. Енді оңтүстік астанаға «Zемфира» тобы немесе Земфира деген сахналық есіммен өнер көрсететін белгілі әнші, талантты музыкант, композитор Земфира келмек. Дүниежүзінде оның фанаттарының көп екені белгілі. Осыдан төрт жыл бұрын әншінің аяқастынан ауырып қалуына байланысты оның Алматыдағы концерті өтпей қалған болатын. Ал бұл жолы Наурыз мерекесінде қазақтың оңтүстік астанасында болатынын Земфираның өзі ресми сайтында жария етті. «Земфира Алматыда өте сирек болады. Соңғы рет 2005 жылы Алматы маңында өткен «Нашествие» фести­валіне келген еді. Оны мұнда табыну­шылары асыға күтіп жүр. Наурыздың 21-іне жоспарланып отырған концерт жайлы әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Земфира - шығыстың қызы. Нау­рыз­дың қандай маңызды мереке екенін жақсы біледі», - дейді концертті ұйымдас­тырушылардың бірі К.Головин. Есімі көзі тірісінде-ақ аңызға айналып үлгерген башқұрттың әнші қызы қазір әлемдік тур­не­де жүр. Наурыздың 15-інде Лондонда, 18-інде Парижде өнер көрсететін ол Алматыдан соң Әзірбайжан астанасына, одан әрі Тбилисиге гастрольмен барады. Сәуірдің соңында Балтық жағалауындағы ірі қалаларға сапар шекпек. Земфира - талғампаз әнші. Сол себепті ұйымдастыру­шылар музыканттың концерті абыройлы өтуі үшін қолайлы жағдай жасап бағады. Концертке келушілер үшін де бар мүмкіндік қарастырылған. Фанаттардың ғаламторда­ғы ақпаратына қарағанда, бұл концертке Қазақстанның түкпір-түкпірінен және Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен де көрермендер келе жатыр. Ал жергілікті табынушылардың бір тобы Земфираға Алматының басты нышаны - жандана бастаған апорттың бір себетін сыйға тартпақ. Концертте басқа да тосын сыйлар болады. Олар әзірше құпия.

Константин ГОЛОВИН, «Тенгри FM» радиостансысының музыкалық редакторы:

- Біз ұйымдастырған шараларға келген белгілі музыканттардың қай-қайсысы да Алматыдағы тыңдарман­дар­дың ықыласына риза болып кетеді. Бутусов та, Галанин де, «Чайф» тобы да біздің радионың техникалық жаб­дық­талуына риза екенін айтты. Енді Земфи­раның да көңілінен шығамыз деп ойлаймын. Мүмкіндікті пайдала­нып, радиостан­сы атынан тыңдарман­дар­ды, алматы­лықтар мен қала қонақ­та­рын осы концертке шақырамыз. Наурыз мей­рамының алғашқы күні мен радио­мыздың туған күнін бірге тойлайық!

«Тенгри FM» ұсынады

Земфираның жеке концерті Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында наурыздың 21-і күні сағат 20.00-де басталады. Билеттерді Спорт сарайының кассасынан, «Меломан» дүкендер желісінен сатып алуға және zakazbiletov.kz сайтынан тапсырыс беруге болады. Құны: фан зона - 7000, трибуналар - 12 000, VIP-орындар - 20 000 теңге.

Алаш-анықтама

Земфира Талғатқызы Рамазанова 1976 жылы 26 тамызда Башқұртстан астанасында дүниеге келген. Еңбек жолын радиостансының дыбыс операторы болып бастаған ол сол кездері рок музыкамен әуестеніп, 90-жылдардың соңында өзі құрған топтың шығармашылығын дамытуға кіріседі. «Снег», «Почему» деген әндер Земфираның тұңғыш туындылары болғанымен, оның «Ариведерчи» әніне өзгелерден бұрын клип түсірілді де, эфирге шықты. Осыдан кейін Земфираның талантына көпшілік тәнті болды. Ол 13 жыл ішінде бес студиялық альбом шығарды. Әншінің дауысы - меццо-сопрано мен контральтоның аралығы. Оның «Ариведерчи» және «Почему» әндері «ХХ ғасырдағы орыс рогының 100 үздік әні» тізіміне енген. Музыкант бұқаралық ақпарат құралдары үшін тұйық. «Земфира» есімінің түбірі араб тілінен аударғанда «бас имейтін, өр» деген мағынаны білдіреді.

"Алаш айнасы" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2151
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2557
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2392
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661