Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Интернет конференция 5566 82 пікір 11 Ақпан, 2021 сағат 13:36

Интернет-конференция спикері - Омарәлі Әділбекұлы

Құрметті оқырман! «Abai.kz» ақпараттық порталы тұрақты түрде жүргізіп келе жатқан интернет-конференцияның келесі тақырыбы - Қытайдағы қазақтар мәселесі мен бүгінгі қоғамдағы орын алып жатқан өзекті оқиғаларға арналмақ.

Қытайдағы қандастар саяси қысымға ұшырағалы бірнеше жылдан асып барады. Қытай билігі соңғы үш-төрт жыл көлемінде «Терроризм және экстремизммен күрес» деп сипаттап, этникалық аз (мұсылман) ұлттарға, соның ішінде қазақтарға да саяси қысым жасап жатқанын Халықаралық ұйымдар айтып, дабыл қағуда. Шекараның арғы бетінде қысымға ұшыраған бауыр-туысына араша сұраған қандастар соңғы уақтары Қазақстандағы Қытай елшілігінің алдына барып, акция өткізіп жатқаны да рас. Күні-бүгінге дейін ел ішіндегі қоғам белсенділері мен қоғамдық ұйымдар да Қытайдағы қазақ мәселесіне үн қатып, көп түйінді мәселені шешуге атсалысып жатыр. Сондай ұйымның бірі - «Жебеу» республикалық қоғамдық бірлестігі.

«Абайдың» осы аптадағы қонағы «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Омарәлі Әділбекұлы.

Спикер Омарәлі Әбілдекұлының ашық сұхбаты мен сіздер қойған сауалдың жауабы «Abai.kz» ақпараттық порталында жарияланатын болады!

Сауалдарыңызды жолдай беріңіздер, мархабат, мәртебелі оқырман!

Abai.kz

82 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1254
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1150
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 888
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1021