Сенбі, 27 Сәуір 2024
4205 0 пікір 11 Ақпан, 2021 сағат 13:25

Қазақстан қырғыз бен тәжікке әскери көмек береді

Қазақстан Қырғызстан мен Тәжікстанға оқ-дәрі және әскери техника түрінде ақысыз көмек көрсетеді.

ҚР Қорғаныс министрлігі Қырғызстан мен Тәжікстанға өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы екі қаулының жобасын әзірледі. Ашық талқылауға арналған жобалар Қазақстан үкіметінің нормативтік құқықтық актілерінің сайтында жарияланған.

Берілген мүлік пайдаланылмаған және шамадан тыс көп сақталған. Сондықтан оны қалпына келтіруге бюджеттік қаражат қажет болмайтындығы атап өтіледі.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан Қырғызстанның Қарулы Күштеріне төменлдегі қару-жарақтарды жөнелтпек:

Ал, Тәжікстан қарулы күштері 82 миллиметрлік минометі бар 10 снаряд, автоматты зеңбіректерге арналған 20 мың снаряд және 3 миллион автоматты снаряд алады.

Қазақстан әскери техниканы Отар теміржол көлігімен (Жамбыл облысы) Тәжікстан аумағына (Рохати станциясы, Душанбе қаласы), сондай-ақ Қырғызстан аумағына - Қой-Таш елді мекеніне жеткізілуін қамтамасыз етпек.

Қырғызстан мен Тәжікстан алынған әскери техниканы үшінші тұлғаға бере алмайтындығы баса айтылды.

Abai.kz

0 пікір